Тәрбие • 13 Сәуір, 2017

Бала миына не зиян, не пайдалы?

2801 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Қазақ ежелден сәбидің тәрбиесінен бөлек оның денсаулығына құрсақта жатқан кезден бастап үлкен мән берген ғой. Бүгінде жаңа туған сәбилерге жасалатын қамқорлық қай деңгейде? Бұл сұраққа бір сөзбен жауап бере салуға болмас. Өйткені, нәресте күтімі барлық отбасында бірдей деуге тағы болмайды. Бала өмірінің алғашқы кезеңі оның миының дамуында үлкен маңызға ие. Жуырда ЮНИСЕФ Балалар қоры «Early Moments Matter» атты сәби миының дұрыс дамуына арналған бағдарлама жасап шығарды. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген сәттен басталатын 1000 күн баланың бүкіл денсаулығына зор ықпал етеді. Тіпті, нәрестенің айналасындағы дыбыстар мен қасындағы адамдардың көңіл-күйі де оның ми жүйесінің қалыптасуына ықпал етеді.

Бала миына не зиян, не пайдалы?

Міне, осы мәселені ЮНИСЕФ мамандары барша ата-анаға жеткізуді көздейді. Бала миының қалай дамитынына әдетте ата-аналар мән бермейтіні байқалады. Баласы мектеп партасына отырғанда ғана, оның үлгеріміне назар аударады. Бірақ сол үлгерімнің нашарлығы немесе ба­ланың психологиялық күйіндегі ақау­лық­тар нәресте кезіндегі күтімнің дұрыс бол­мауынан екенін ескермейді.

Бала туған сәттен бастап, бес жасқа дей­інгі сындарлы кезеңде ми жасушалары секундына 1000 жаңа қосылыс түзеді. Бұл қосылыс процесі содан кейін ешқашан қайталанбайды екен. Қосылыстар баланың дүниені танудағы сезім-күйіне, танымына, болашақтағы денсаулығына, тіпті бақытты болуы үшін де аса маңызды. Осындай маңызды қосылыстар бала күтімі дұрыс болмаса, сәби ана махаббатын толық сезінбесе, отбасы ұрыс-керістен көз ашпаса және тазалық болмаса дұрыс түзілмейді екен. ЮНИСЕФ мамандарының айтуынша, бұл бағдарлама «Eat Play Love», яғни «Же, ойна, жақсы көр» деген ұранмен жүзеге асырылмақ. Бағдарлама аясында ата-аналарға бала миының дұрыс дамуына қатысты нейрология саласынан қажетті мәліметтер беріледі.

Бүгінде халықаралық ұйым­ның осы бағдарламасы ая­сында дамушы ел­дердің үкі­мет­терін бала миының дұ­рыс же­тілуіне (жалпы, бала күтімінің то­­лық­­қанды болуы-

на) жағдай жасау үшін қолдау көрсетуге инвестиция құю­ға шақыруда. «The Lancet» жур­­на­лының мә­лі­меттеріне сүйенсек, да­м­у­шы елдердегі 250 миллион ба­ла тап­шы­­лық салдарынан дұ­рыс дамымайды екен. Сәби дамуының өз деңгейінде бо­л­мауы тек дамушы республикалар ға­на емес, нашар отбасында дүниеге кел­ген балаларға дұрыс қамқорлық көр­сетпейтін кейбір дамыған елдерден де көрінеді. ЮНИСЕФ баяндамасында миллиондаған баланың денсаулыққа қауіпті жағдайда өмір сүруі оның когнитивтік, әлеуметтік және эмоциялық дамуына нұқсан келтіріп жатқаны ай­тыл­ған.

Сәби өмірінің алғашқы кезеңінде оны ба­ғып-қағуға инвестиция құю оның бола­шақ­­тағы білім алудағы қарым-қабілеті мен жұмысқа икемді болуына әсер ететін бас­ты мәселе дейді, халықаралық сарапшылар. Халықаралық ұйым 20 жыл бойғы зерт­теу­інде үкіметтен жет­кі­лікті қолдау көрген тұрмысы нашар от­басының балалары ержеткенде атал­ған көмекті мүлдем көрмеген қа­тар­ластарынан 25 пайызға артық дең­гей­де жемісті еңбек ете алатынын анық­та­ған.

Үш жасқа дейін баланың миына қор­шаған ортаның әсері өте күшті бола­тынын ғалымдар дәлелдеп отыр. Осы та­қырыпта зерттеу жүр­гіз­ген Гарвард уни­верситетінің ғалым­да­ры баланың алғашқы өмір кезеңі оның бо­лашақтағы кәсібіне де, қоғаммен байланыс орнату қабілетіне де негіз болып табылатынын айтуда. Сәби дүние есігін ашқанда миында жасушалар өте көп болады екен. Есею барысында ми жасушаларының саны азая береді.

Гарвард университетінің «Баланы да­мы­ту орталығының» ғалымдары бала миы-

на мынандай факторлар әсер ететінін ай­­тады: отбасының әлеуметтік жағ­дайы­ның төмендігі, ата-анасының немесе кү­ту­шісінің психологиялық аурулары, ба­ла­­мен дұрыс қарым-қатынас жасамау (ұрып-соғу, жеку, тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлмеу), анасының білім деңгейінің тө­м­ендігі. Білімді ата-ананың тәрбиесін көрген баланың тіл байлығы да мол, әдепті болатыны белгілі. Сондықтан балаға бес жас­қа дейін дұрыс көңіл бөлмесе, мек­тепке бар­ғанда оқу процесіне ілесе алмай, басқа да интеллектуалдық даму тұрғысынан қатарластарынан қалып қалуы мүмкін.

Шетел ғалымдары баланы тәрбиелеп өсі­­руде тек материалдық тұрғыдан қам­та­масыз ету ғана емес, ұлды да, қызды да ұда­йы еңбекке баулу қажеттігін айтуда. Ба­ла­ны ойыннан басқа кезде бос қоймай, ин­тел­лек­туалдық дамуы үшін пайдалы іспен ай­на­лысуына түрткі бола білген жөн. Баланың дүниетанымын кеңейтетін та­қырыптар төңірегінде әңгімелесіп, сұ­рақ­тар қойып, пікірін тыңдау керек. Оған ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін жасырмай ашық айтқан дұрыс.

Қазіргі кезде балалардың ойнамай­ты­ны туралы көп айтылуда. Компьютер мен ұялы телефоннан көз алмастан уа­­қыты өткен бүлдіршіндер шына­йы ойын­ның, табиғат аясындағы ден­сау­лық­қа пайдалы қимыл-қозғалыстың қан­ша­лық­т­ы маңызды екенін ересек­тер айтып, көр­сет­песе қайдан білсін? ЮНИСЕФ «Carefor Child Development» деп аталатын шара аясында жергілікті жер­­лердегі медицина қызметкерлерін ата-аналарға ба­ламен ойнаудың, оны табиғат аясында се­руен­детудің қан­ша­лықты маңызды екенін тү­сіндіретін курс өткізген. Осындай шара­лар ар­қы­лы ЮНИСЕФ-ке кірісетін 190 елдің үкі­меттеріне ата-аналардың балаға д­е­ген қамқорлығы азайған (әрине, кей­бір ел­дерде балалар бұрынғымен са­лыс­тыр­ғанда материалдық жағынан жоғары дең­гейде қамтамасыз етілген десек те) қа­зіргі кезеңде ата-аналарды қолдау қыз­меттерін жетілдіруге шақырады.

Ғалымдар баланың сыртқы орта­мен үйлесімді қатынаста өсіп-жетілуі үшін мынандай кеңес береді. Бала бір нәр­се­ге ұмтылып, талаптанса кеудесінен ке­рі итермей, қолдау көрсетіңіз. Оның бо­ла­шақ өмірі үшін негізгі бағдар болатындай басты нәрсеге бейімдеңіз. Мысалы, ересектер кітап оқитын үйде бала да кітапқұмар болады. Баланың іс-әрекетін тек сырттан бақыламай, пікірлесіп, ақыл-кеңес беруден тартынбаңыз. Бала сізге арқа сүйеп, сырын да, шынын да айта­тын сенімді адамы болуға ұмтылыңыз. Ба­лаңыз зиянды факторлардың зардабын тар­тпас үшін оның сырттағы тірлігін, кім­мен ойнайтынын, кіммен достасып жү­р­генін біліп отыру керек.

Бала миының дамуы туралы айтқанда элек­тронды заттардың зиянына да тоқ­та­ла-

й­ық. Қазіргі заманда балалар ересектер сияқты электронды құралдардан бас ал­майтын күйге жетті. Мектеп тапсырма­сын орындау үшін ғаламторды пайда­л­а­натын оқушыларды былай қойғанда, ауқатты ата-аналар әлі дұрыс сөйлей де ал­майтын екі-үш жасар сәбиіне ұялы те­лефон ұстатып қоятынын қайтерсің. Бү­гінде ересектер ұялы телефонның улы сәуле шығаратынын білсе де қолынан тастамай, тіпті ас ішіп отырғанда да айырылмай, ыдысының жанына қойып қояды. Балалар да көргендерін істейді.

Жалпы, электронды құралдардың жанында отырып ас ішудің зиянына аса мән бермейміз. Компьютер мен те­ледидар алдында тамақтану адам­ның денсаулығына орасан зиянды еке­нін ғалымдар дәлелдеген. Жуырда Киев­тің Адам экологиясы институты элек­трон­ды құралдардың кез келгені у­лы сәу­ле шығаратынын және оның сол маң­­дағы сусын болсын, құрғақ та­мақ болсын, кез келген қоректік зат­тың та­ғамдық құн­ды­лығын жо-

йып, құр­а­мын бұ­за­тынын анық­тады. Сон­дық­тан, кең­се­ге немесе үй­дегі жұмыс ка­бинетіне ас-су қоюға бол­майды.

Ғалымдар компьютер мен ноут­бук­тың алдында отырып, монитордан көз алмастан жүрек жалғаймын деген кез келген адам ақырында қа­тер­­лі ісікке шалдығатынын айтуда. Сон­­­дықтан шаруаңыз шаш-етектен бол­­са да, тамақты компьютері жоқ бөл­ме­де (ең дұрысы ас бөлме) жеген жөн. Ал кішкентай балалар электронды сәу­лелерді ағзасына ересектерге қа­р­аған­да жылдам қабылдап, бойына дереу сі­ңір­е­тіні белгілі.

Американың Миннесота уни­вер­си­тетінің ғалымдары техниканың алдында отырып тамақ ішкенді ұнататын ересек­тер де, балалар да ас бөлмеде жүрек жал­ғай­тындарға қа­рағанда көбірек ауыраты­нын айтуда. Теле­ди­дардың зиянын зерт­теген АҚШ ға­лым­­да­ры электрон­ды тех­никаның алдында адам­ның араны ашылып кететінін анықтаған. Бү­гінде се­міздікке шалдыққан балалардың саны артып барады. Артық салмақтың ар-

ту­ына да электронды құралдан көз алмастан ас ішудің зор үлес қосатыны белгілі. Адамның ас мәзірінен алған ләззатын техника «жұтып қояды» да тою сезімін тудырмайды. Осыдан аш­тық сезімінен арылмай, көбірек жеуге мәж­бүр болады. Компьютер де дәм сезу ре­цеп­тор­ла­рының жұмысын тежеп, адам не жеп, не қойғанын сезбей қалады.

Ұлыбритания ғалымдары компь­ю­тер­дің алдында отырып тамақтану ар­тық салмақ қана емес, гастрит тә­різ­ді асқазан ауруларына апаратынын айтуда. Киевтің Адам экология­сы институтының зерттеушілері ком­пью­тердің жанында тұрған тағамның құ­ра­мындағы сұйықтық құрамы техни­ка­дан шы­ққан сәуленің әсерімен бұ­зылатынын анық­таған. Ғалымдар компьютердің жанына қойылған судың электромагниттік сәу­лелену әсерімен құрамы түгел өз­ге­ре­тінін байқаған. Ал мұндай суды ішкен адам қатерлі ісікке шалдығады.

Кейде балалар мектептен келгенде ком­­пью­тердің немесе теледидардың жанында тұр­ған, беті ашық қалған ас-сумен жү­рек жал­ғайтынын да көріп жүрміз. Ком­пьютердің ж­а­нында тұрған тағамды жеу адамның есте сақтау қабілетін тө­мендетіп, мерзімінен бұрын қартаюға со­ғатынын үлкендер балаларға үйрету ке­рек дегенімізбен, бұл мәселеде алдымен ересектердің өзін «тәртіпке салған» жөн бе деймін.


Шарафат ЖЫЛҚЫБАЕВА


Соңғы жаңалықтар

Өңірдің көлік-логистикалық қуаты

Экономика • Бүгін, 09:10

Тұрмыс сапасы жақсарып келеді

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Тегеурінді теңіз күштері

Айбын • Бүгін, 09:00

Маэстро миниатюралары

Тұлға • Бүгін, 08:55