Қазақстан • 12 Сәуір, 2017
Күн жылынып, қасат қардың көбесі сөгілген сайын қарғын су кез келген жерді бей-берекет қуалай ағып, қауіптілігі өте-мөте күшейіп келеді. Осы себепті тасқынға қарсы тосқын қою шараларын жедел әрі кешенді жүргізу қажеттілігі сезіліп отыр.
Қазақстан • 12 Сәуір, 2017
Маңғыстау – малды өңір. Кез келген аудан орталығына барсаңыз ұсақ және ірі қара мал түрлерін тірілей де, сойылған күйінде де сатып алуға болады. Ал, Ақтау қаласында ет сататын дүңгіршектер – сауда саласындағы басым нүктелердің бірі.
Әлем • 12 Сәуір, 2017
Димаштың орындауындағы «Go Go Power Rangers» әнінің толық нұсқасы жарияланды
Әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы голливудтық «Power Rangers» фильмінің саундтрегі «Go Go Power Rangers» әнінің толық нұсқасы жарияланды.
Медицина • 12 Сәуір, 2017
Қазір өте тез тарайтын жаңалықтардан пара алғандар, қазынаның қаржысына қол салғандар, дүниенің соңына түсіп алаяқтықпен айналысқандар туралы күн құрғатпай естіп-көріп отырамын. Атақты университеттерден білім алған, сыртқы келбетінде де, білімінде де мін жоқ жап-жас жігіттердің осындай ісіне қарның ашады. «Баласы көкпарға шапса, үйде отырып әкесі тақымын қысады» деген, өзің қызмет істеген мектепте оқыған, өзің сабақ берген оқушылар өмірде жетістіктерге жетіп, биікке көтеріліп жатса «халықтың баласы» деп кәдімгідей қуанасың. Ал лауазымдық қызметте отырған олардың жаман аты шықса, ұяттан қабырғаң қайысқандай болады. Мұндай көңіл-күй барлық ұстаздың басынан өтіп жатады.
Қазақстан • 12 Сәуір, 2017
Математикалық сауатсыздыққа апармай ма?
Мектептегі барлық пәндерді оқыту кезінде логикаға үйрету жүзеге асырылып жатады. Дегенмен, математика курсын оқыту үдерісінде логикалық білім беру біршама жүйелі жүргізіледі. Мәселен, математикалық білімді игеру мен есеп шығару кезінде ойлау амалдары, ойлау формалары (ұғым, пайым, ой қорыту), ойлау заңдары (тепе-теңдік, кайшылық, жеткілікті негіздеу) басшылыққа алынады. Сондай-ақ, логикалық байланыстар мен кванторларды дұрыс және орынды қолданудың үлкен маңызы бар.