Мәселе • 17 Сәуір, 2024
Еліміз тарихында жиі болған жұтпен ерекшеленген Қоян жылы биыл да малымен күн көріп отырған жұртқа жайсыз тиді. Бірқатар өңірде жаз бойы жаумаған жаңбыр желтоқсанда нөсерлете құйып өтті де, іле қатты аяз болып, қардың беті мұз болып сіресіп қатып қалды. Оған тебінде жүрген жылқының тұяғы батпай, жіліншігі қан-жоса болып қиылып, қасиетті Қамбар ата түлігі өлім-жітімге ұшырады.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2024
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Жарқайың ауданындағы қызыл судың жолында қалған Үшқарасу ауылында қалыптасқан жағдайды өзі жіті бақылап отыр.
Шаруашылық • 17 Сәуір, 2024
Малсақ қауымды не толғандырады?
Жетісулық шаруалар қыстың қытымыр мінезінен қанша қиналса да, төрт түлікті көктемге аман-есен жеткізді. Мал төлдету науқаны мәреге жетуге жақын, азын-аулақ шығын да жоқ емес. Жазда жемшөбін құнттаған қойшылардың көңілі тоқ, қозы-лағын қуалап жүр.
Шымкент • 17 Сәуір, 2024
Шымкент қаласының оқушылары 1 мамырдан бастап қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков фейсбуктегі парақшасында осындай қуанышты жаңалықты бөлісті.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Мейірімді жандарға құрмет көрсетті
Қоғамда қажырлы еңбекпен шектелмей, жақсылық жасауға асығатын атымтай жомарт азаматтар көп. Сан саладағы ел ардақтыларын тоғыстыратын «Мейірімділік керуені» байқауы ісімен үлгі болған талай мықтыны танытты. Астанада алтыншы жыл қатарынан ұйымдастырылған байқауда ізгілікті ту еткен батыл, қамқор, қайырымды жандар марапатталды.