Шымкент • 17 Сәуір, 2024

Оқушыларды тегін тасымалдайды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының оқушылары 1 мамырдан бастап қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков фейсбуктегі парақшасында осындай қуанышты жаңалықты бөлісті.

Оқушыларды тегін тасымалдайды

Шаһар басшысының мәлім­деуінше, қоғамдық көліктер І топ­тағы мүгедектерді, «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» төс­белгісі бар аналарды, тыл арда­герлерін, зағип жандар мен оларды алып жүретін кісілер­ді бұл күнде тегін тасымалдай­ды. Сонымен қатар қазіргі таңда жеті мен он сегіз жастағы мектеп оқушылары жолақы құнының жартысын төлесе, студенттердің билет бағасы 50 теңгені құрайды. Ендігі ретте жергілікті әкім­дік халықтың әлеуметтік жағда­­йын ескере отырып, 1 мамырдан бас­­тап қоғамдық көлікте тегін жү­ретін азаматтардың санатын тағы да арттырмақшы.

Атап айтқанда, Екінші­ дү­ние­жүзілік соғыс ардагерлері және оларға теңес­тірілген ардагерлер, басқа мем­лекеттердiң аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан­дар, Қа­зақстанның Еңбек ер­ле­рі, соғыс жылдарында тылда­ғы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталғандар, саяси қуғын-сүргiн құр­бандары, ІІ топ мүгедектері, мүге­дектігі бар балалар, 70 жастан асқан зейнеткерлер, мектеп оқушылары.

Өз кезегінде қала әкімі жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мен оның сапасы әкімдіктің тіке­лей бақылауында тұрғанын, осы­нау қызметті жақсартуға атқа­рушы билік тарапынан барлық мүм­кін­дік жасалып жатқанын жеткізді.

 

ШЫМКЕНТ