Оқиға • 16 Сәуір, 2024
Екібастұзда теміржолшы вагон астында қалып көз жұмды
Екібастұзда теміржол қызметкері вагон құрамының астына түсіп, алған жарақатынан көз жұмды. Жазатайым оқиға бейнеленген видео әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 16 Сәуір, 2024
Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі салауатты өмір сүретін білімді жастардың қолында екені хақ. Денсаулықты күтіп баптаудың бірден-бір жолы - дұрыс тамақтану. Қазіргі таңда күйбең тіршілікке бар уақытын арнап жүрген адамдар тамақтану әдебіне салғырт қарайды. Күнделікті тамақтануға ерекше көңіл бөліп, тамақ құрамының құндылығына назар аударған жөн.
Білім • 16 Сәуір, 2024
ҚазҰПУ-ның жас ғалымдары 30-ға жуық жобаны іске асырып жатыр
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ғылыми зерттеулерді жүргізу және ғылыми кадрларды даярлау тәжірибесінің нәтижесінде Ғылым комитетінің қаржыландыруымен университет базасында жүзеге асып жатқан 55 жобаның 28-іне жас ғалымдар жетекшілік етіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 16 Сәуір, 2024
Сенаторлар тасқын судан зардап шеккен облыстардың тұрғындарымен кездесті
Депутат Серік Өтешов Қарағанды облысында өңір аудандарының жағдайымен танысты. Сенатор қорғаныс бөгеттерін күшейту, ойпат жерлерге тастар мен топырақ төгу жұмыстарының барысын қадағалап, құм салынған қаптар қойылған учаскелерді қарап шықты. Сондай-ақ депутат Шет ауданына су басқан үйлердің тұрғындарымен жүздесіп, тасқыннан зардап шеккен адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Сәуір, 2024
Алматы тауларында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.