Сағындық Лұқпанов Атырау облысында жергілікті атқарушы органдармен тасқын суға дайындық барысын талқылады және «Соколок» арнасымен қатар жаңадан екінші су өткізу арнасын салудың маңыздылығын атап өтті. Жаңа 24 шақырымдық желі суды қаладан алыстатуға мүмкіндік береді.
Ал Сенат депутаты Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысында Орал қаласының жағалау аудандарында қорғаныс бөгеттерін салу барысын тексерді. Бұл аумақта бөгет салу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Сенатор тасқын судан зардап шеккен азаматтармен кездесіп, оларға эвакуациялық пункттердің жұмысы мен біржолғы материалдық көмек алу тетіктерін айтып берді. Сондай-ақ тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін қандай құжаттар талап етілетінін түсіндірді.