Өнер • 19 Сәуір, 2022
Бұл азамат ерекше жан. Жалпы, жұрт оны біле бермейді. Өйткені ол сахнаға шығып рөл ойнап, болмаса ән салып теледидарға шықпаған. Бірақ үлкен тұлға... Орта бойлы, көзінде көзілдірік, жүрегіне екі мәрте ота жасаған, қырылдап сөйлейтін қарттау адам. Ол операциядан кейін 1 ай болмай жұмысына кірісіп кеткен өнердің фанаты. Бұл – Нұрнияз Мұханов. Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық драма театрының іргесін қалаушы. Тек қана театрды ашып қана қоймай, ұзақ жылдар осы театрдың отымен кіріп, күлімен шыққан азамат. Қашан көрсең жас баладай жүгіріп, құшағын айқара ашқан атпал аға. Бүгінгі таңда Қазақстандағы театр менеджментінің көшбасшысы. Тәжірибелі, талантты, театр әлеміне танымал тұлға.
Сұхбат • 19 Сәуір, 2022
Серікжан Әбдінұров: Балаларға музыка жазу өте қиын
Қазақстан Композиторлар одағы елордаға көшіп келді. Қазір оны белгілі композитор Серікжан Әбдінұров басқарады. Ол кісі бұған дейін он жылға жуық астанадағы аталған одақтың филиалына жетекшілік етті. Музыкасүйер қауым композитордың «Көк бөрі аңыздары» балеті, «Махаббатым менің» операсын және «Керей-Жәнібек», «Ұлы шеру» симфониялық дастандары мен «Сақтар», «Бәйге» атты симфониясын жақсы біледі. Ел көңілінен шыққан әсем әндері де бар. Біз бүгін Серікжан Құттымбетұлымен өзі басқарып отырған Одақтың жай-күй мен қазіргі қазақ музыкасы туралы аз-мұз әңгіме өрбіттік.
Өнер • 19 Сәуір, 2022
Жетісу мекені – қазақ ән-өнерінің қарашаңырағы. Кешегі Кенендердің кеудесіне қонған киелі бұлбұл құс Ұлы даланың төсінде еркін қалықтап, адамзаттың жүрегіне келіп тұрақтады. Сол даңқты дауыстан қуат алған халықтың жаны көне әндердің күмбезіне айналды. Бүгінде домбыраға сала қалса жайлы, жұмсақ һәм сазды келетін әуезді әуендер – бір үлкен мектеп. Ал біз бүгін сол мәуелі мектептен сабақ алған, мұралы мәдениетімен сусындаған «Жетісу» студенттер ән-би ансамблі жайында айтпақпыз.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2022
Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым М.Әуезовтің туғанына биыл – 125 жыл. Мұхтар Омарханұлының бүкіл өмірі, барлық іс-әрекеті туған еліне арналды. Кеңестік дәуірде өзі абақтыны да, жазғандары «қамауды» да көрген, бірақ сағы сынбай тұлғалық кейпін жоғалтпағандардың бірі және бірегейі Мұхтар Әуезов десек қателеспейміз. Дінмұхаммед Қонаевтың бірде жазушыға «талай мәрте Жоғары Кеңес депутаты болдыңыз, енді Коммунистік партия қатарына өтіңіз» деген ұсынысына «Димашжан, мен «Алаш» партиясы қатарында болып абақтыға қамалдым. Енді еш партияға мүше болмай-ақ қояйын» деп бас тартыпты.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2022
Автосалоннан 28 млн теңгенің көлігі ұрланды
Шымкент тұрғыны автосалоннан 28 млн теңге тұратын көлікті заңсыз айдап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.