Тағайындау • 29 Сәуір, 2020
Қызылорда: Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы тағайындалды
Облыс әкімінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі өкімімен Жанұзақов Қуаныш Қуантқанұлы Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Қазақстан • 29 Сәуір, 2020
4 мамырда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан ұшатын ұшақтардың кестесі жарияланды
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымын ескере отырып, ағымдағы жылдың 4 мамырынан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Қызылордаға, Өскеменге, Семейге және Петропавлға әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Алматы облысы: Еңбекшіқазақ ауданында тағы 8 адам індет жұқтырды
Осы сәтке дейін Алматы облысында тағы да 8 тұрғынның індет жұқтырғаны анықталды. Ал бүгінгі мәлімет бойынша аймақтағы коронавирус белгісі анықталған науқас саны 122 адам болды.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Ақмолада көкөніс өсіруге көп көңіл бөлінбек
Жазы қысқа, жылуы аз біздің өңір үшін көкөніс өсіру қияпат шаруа. Әйтсе де, жекелеген аудандарда жылыжай салып жап-жақсы өнім алып отырған мысалдар аз емес.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Ақмолада еңбекті қорғау саласында 200 заң бұзушылық анықталды
Жыл басынан бері Ақмола облысында еңбек қауіпсіздігін сақтамаудың 200 дерегі тіркелген. Оның басым көпшілігі кәсіпорындардың еңбекақыны уақытылы төлемеуіне байланысты.