Қазақстан • 29 Сәуір, 2020

4 мамырда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан ұшатын ұшақтардың кестесі жарияланды

230 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымын ескере отырып, ағымдағы жылдың 4 мамырынан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Қызылордаға, Өскеменге, Семейге және Петропавлға әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

4 мамырда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан ұшатын ұшақтардың кестесі жарияланды

Әуе компаниялары рейстерді келесі кестеге сәйкес орындауды жоспарлап отыр:

Әуе компания

Ұшу кестесі

Аптасына рейстер саны

Әуе кемесінің түрі/ сыйымдылығы

 

 

 

 

 

«Эйр Астана»

1. Алматы (13:55) – Қызылорда (14:40)

     Қызылорда (15:40) – Алматы (18:10)

     Алматы (12:10) – Қызылорда (13:40)

     Қызылорда (14:40) – Алматы (17:10)

7

 

 

 

Embraer 190/

108 орын

 

А320/

148 орын

2. Алматы (12:15) – Өскемен (13:45)

    Өскемен (14:45) – Алматы (16:20)

5

3. Нұр-Сұлтан (14:50) – Өскемен (16:15)

     Өскемен (17:15) – Нұр-Сұлтан (18:45)

     Нұр-Сұлтан (15:10) – Өскемен (16:35)

     Өскемен (17:35) – Нұр-Сұлтан (19:00)

     Нұр-Сұлтан (15:20) – Өскемен (16:45)

     Өскемен (17:45) – Нұр-Сұлтан (19:10)

5

 

 

 

 

«SCAT»

1. Нұр-Сұлтан (15:40) – Өскемен (17:10)

    Өскемен (18:10) – Нұр-Сұлтан (19:35)

    Нұр-Сұлтан (15:50) – Өскемен (17:10)

    Өскемен (22:30) – Нұр-Сұлтан (23:59)

7

CRJ-200/

50 орын

2. Алматы (09:20) – Өскемен (10:30)

    Өскемен (11:30) – Алматы (12:45)

7

Б 737/

144 орын

 

3. Алматы (07:00) – Петропавл (09:20)

    Петропавл (10:10) – Алматы (12:20)

    Алматы (07:00) – Петропавл (09:20)

    Петропавл (16:30) – Алматы (18:50)

3

CRJ-200/

50 орын

 

 

 

 

«Qazaq Air»

1. Нұр-Сұлтан (13:40) – Өскемен (15:20)

    Өскемен (16:00) – Нұр-Сұлтан (17:45)

3

 

 

 

Bombardier Q400/

76-86 орын

2. Нұр-Сұлтан (08:30) – Петропавл (09:40)

    Петропавл (10:10) – Нұр-Сұлтан (11:25)

    Нұр-Сұлтан (10:05) – Петропавл (11:15)

    Петропавл (11:55) – Нұр-Сұлтан (13:05)

2

3. Нұр-Сұлтан (14:30) – Қызылорда (15:20)

     Қызылорда (16:00) – Нұр-Сұлтан (18:50)

     Нұр-Сұлтан (15:30) – Қызылорда (16:20)

     Қызылорда (17:00) – Нұр-Сұлтан (19:50)

3

4. Нұр-Сұлтан (15:00) – Семей (16:35)

     Семей (17:05) – Нұр-Сұлтан (18:40)

3

 

Жалпы

45

 

* Ұшу кестесін әуе компаниялары реттей алады

 

Ұшулар Денсаулық сақтау министрлігінің Көліктегі бас санитарлық дәрігері бекіткен санитарлық талаптардың күшейтілген нормаларын сақтай отырып, жүзеге асырылады. Олардың негізгілері мыналар:

-жолаушыларда COVID-19 тестінен өткені және оның нәтижесі теріс болғаны туралы анықтама болуы қажет (анықтаманың қолданылу мерзімі - берілген күннен бастап 7 күн);

-жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар);

-термометрия, әлеуметтік қашықтық сақтау;

-әуежайлар мен әуе кемелерін күшейтілген негізде залалсыздандыру.

Санитарлық қауіпсіздік талаптары бойынша аталған рейстерде бортта тамақ берілмейді.

Қазақстан әуе компаниялары күрделі жағдайды ескере отырып, билеттер құнын сатып алу күні мен уақытына байланысты 10 мыңнан 30 мың теңгеге дейінгі аралықта белгіледі.

Алдағы уақытта жағдай жақсарған кезде ішкі рейстер санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылады.