Тәрбие • 07 Сәуір, 2017
Балаң жақсы болса, Жердің үсті жақсы
Байқоңыр дейтін қаладан ара-тұра Алматыға келіп тұратын Сағира апа жолдан қажып келсе де тосын бір әңгіме бастады.
Әдебиет • 07 Сәуір, 2017
Өткен аптада елімізге белгілі тұлғалардың естеліктерін жариялауды бастаған едік. Бүгін жазушы-композитор Ілия Жақановтың эссесін ұсынып отырмыз.
Әдебиет • 07 Сәуір, 2017
Дара сипатты зымыраған жалған, жалпы ғаламдық уақыт Серік Смайылұлын әп-әдемі, сырғақтай сымбатты күйінде томарға толы тоқсанның төріне алып келді. Әлбетте, торқалы той иесінің өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері көрсетілетіні анық. Серік Қирабаев творчествосында мастану, мақтану, кеуде көтеру, оған «нан пісіру» деген ұғым аяқ асты, жиіркенішті болды. Оның дамылсыз ғылыми ізденісі, жаңа беталысқа жанға жағарлық жағдай жасау табиғи тәлімі төбеден көрінеді. Ондаған жылдар бойы, тоқыраудан тым алыс тұрмыс кешетін тарихи тұлға Отан, Еңбек Қызыл ту, «Халықтар достығы» ордендерімен бірнеше медальдармен марапатталды. Қанша атақтар, мемлекеттік және республикалық Ғылым академиясының сыйлықтарының иегері болды. Ресей Федерациясының «К 100-летию М.Шолохова» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақстан және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ресей оқу академиясының шетелдік мүшесі. Қазақстан оқу академиясының академигі атағының иегері.
Бокс • 07 Сәуір, 2017
Батыр Жүкембаев «IBO international» белбеуін иеленді (ВИДЕО)
Бүгін Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінің басты айқасында қазақстандық Батыр Жүкембаев (9-0, 8КО) мексикалық Косме Ривераны техникалық нокаутпен жеңіп, «IBO international» белбеуіне ие болды.
Әдебиет • 07 Сәуір, 2017
Тарихи танымды талантымен түгендеген
Мемлекет тарихының, ел шежіресінің жазылуында архивтің, мұраға қалған жазба деректердің орны ерекше. Бұған дейін бірнеше буын алмасқан әдебиеттегі әртүрлі кезеңдерде архив деректеріне сүйене отырып тарихи көркем шығармаларын жазған қазақ қаламгерлерінің бір шоғыры қалыптасып та үлгерді. Солардың бірі де бірегейі – қазақ халқының кеңестік дәуірде бастан кешкен нәубеттерін, ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргін жылдарын қамтыған «Ақ боз үй», «Мінәжат», «Жалған дүние» романдарының авторы, белгілі жазушы Смағұл Елубай.