Қазақстан • 29 Сәуір, 2022
Баянды бастамалар бауырлас елде талқыланды
Түркиядағы Анкара дағдарыс және саяси зерттеулер орталығында (ANKASAM) танымал ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, сарапшылардың қатысуымен алқалы жиын өтті. Басқосу барысында айтылған әңгіме «30 жылдық ынтымақтастық аясындағы Қазақстан-Түркия қарым-қатынасы» тақырыбында өрбіді.
Қазақстан • 29 Сәуір, 2022
Сайлау үдерісінің өзекті мәселелері сөз болды
Ортсайлауком төрағасы Нұрлан Әбдіров Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. 26 сәуірде ОСК басшысы Абай ауданының Қарағанды ауылдық округіне барып, Жартас ауылының тұрғындарымен және 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған әкім Владислав Киреймен кездесті. Айта кету керек, бұл – тікелей дауыс беру арқылы сайланған елдегі ең жас ауыл әкімі.
Саясат • 29 Сәуір, 2022
Биологиялық қауіпсіздік саласын дамыту қажет
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Отырыста депутаттар еліміздің биологиялық қауіпсіздігі туралы заң жобаларын қабылдады.
Спорт • 29 Сәуір, 2022
Мен – қазақпын! – дейді теннисші Александр Бублик
Таңғалмаңыз, кеше Александр шетелдік бұқаралық ақпарат құралына берген сұхбатында төрткүл дүниеге осындай мәлімдеме жасады. Теннисші алдағы уақытта болатын ірі додаларға Қазақстан атынан шығатынын мақтан ететінін айтты.
Қазақстан • 29 Сәуір, 2022
Байлық – байлық емес, бірлік – байлық
Бірлігі бекем, татулығы тұғырдан түспеген мемлекеттің қашанда мерейі үстем, келешегі кемел болады. Ынтымақ – ырысымызды еселеп, достық абыройымызды асқақтатқан сайын ашық аспан мен бейбіт өмірдің берекесі шайқалмай келеді. Ту етіп көтерген тұтастығымыз, айрандай ұйыған ауызбірлігіміз бар. Балталаса бұзылмайтын, жұлмаласа үзілмейтін, мұқтаждық көріп мүжілмейтін асыл қазынамыз, асыра байлығымыз осы.