Қаржы • 10 Сәуір, 2024
Жыл басынан бері Ұлттық қордан 1,4 трлн теңгеден аса қаржы жұмсалыпты. Оның ішінде 1 трлн теңгесі – ел бюджетіне кепілдендірілген трансферт. 411 миллиард теңге нысаналы трансферт болса, 1,6 млрд теңге қорды басқаруға, сондай-ақ жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалған шығынды құрайды.
Еңбек • 10 Сәуір, 2024
Трамп Айдарханұлы – отандық нарықта су сүзгісін өндіретін зауыт ашқан тұңғыш кәсіпкер. Алғашқы өнімдерін шығара бастаған 2015 жылдан бері кәсіпорын қуаттылығы артып, мүмкіндіктері әртараптандырылды. Биылдан бастап су сүзгісін дайындаудың үшінші кезеңін іске қосты. Бұл кезеңдегі технологияның мүмкіндігі шалшық судың өзін таза суға айналдыруға мүмкіндік береді. Ерекше кәсіп иесімен кездесіп, кәсіп жолындағы көлденең кедергілерді қалай еңсергені, ішкі нарықтағы бәсекелестік және зауыт келешегі туралы сұрадық. Бизнеске аяқ басқан азаматтарға айтар ақыл-кеңес те тысқары қалған жоқ.
Экономика • 10 Сәуір, 2024
Географиялық нұсқама – кәсіпкер құқын қорғаушы
Өткенде ғана кәмпит өндірісімен айналысатын қазалылық кәсіпкер өнімінің атын жамылып, танымал тәттіні саудалайтындар бар екенін айтқан еді. Тіпті осы тауар белгісі арқылы көрші қырғыз елінде де өнімін өткізіп отырғандар кездесіп қалады екен. Ал зияткерлік меншік мәселесімен айналысып жүрген мамандар мұндай келеңсіздіктің жолын кесуге болатынын айтады.
Инновация • 10 Сәуір, 2024
Ғылыми-техникалық жаңалықтарды өндіріспен байланыстыру, технологиялық үдерісті жасау – кез келген экономиканың даму келешегін анықтайтын маңызды факторлардың бірі. Мемлекеттің дамуы мен өркендеуі инновациялық өзгерістерді экономикамен ұштастыра білуден басталатындығы да ақиқат. Аталған бағытта Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (WIPO – World Intellectual Property Organization) жыл сайын әлем елдерінің инновациялық даму индексін жариялайды.
Шаруашылық • 10 Сәуір, 2024
Өткен жаз жер емшегін емген диқан қауымға оң қабақ танытпады. Оң қабақ тұрмақ, оңдырмай қырына алған. Жаз бойы аспаннан нәр тамбады. Есесіне қоңыр күзде қара жауын бір тоқтамай төпеледі-ай дейсің келіп. Шала піскен, ылғалы мол астықтың дені бесінші класты болып қалды.