Шаруашылық • 10 Сәуір, 2024
Түркістан облысында республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығына арналған 112 су айдынының 25-і кәсіпшілік, ал 69-ы тауарлы балық шаруашылығын жүргізу үшін бекітіліп берілген. Тоғанды көл, арнайы бассейн жасап балық өсірумен айналысып келе жатқандардың да қатары артып келеді. Әсіресе жас кәсіпкерлер тарапынан бұл кәсіпке қызығушылық басым.
Шымкент • 10 Сәуір, 2024
Шымкенттік өнертапқыш, техника ғылымдарының кандидаты Нұрлыбай Манабаев егістік алқабында жұмыс істейтін техниканың 4 түрін біріктіріп, кешенді техника етіп құрастырып шыққан.
Қоғам • 10 Сәуір, 2024
Биыл академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына – 125 жыл. Соған орай Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Философия, саясаттану және дінтану институты бірлесіп «Академик Қ.И. Сәтбаев феномені және ХХ ғасырдағы отандық ғылым: қазіргі ұстанымдар мен пәнаралық зерттеу мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Онда қазіргі Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастырушысы әрі алғашқы президенті, Қазақстан металлогения мектебінің негізін қалаған көрнекті тұлғаның ғылыми еңбектерін зерттеу мен зерделеу мәселесі сөз болды.
Волонтер • 10 Сәуір, 2024
Волонтерлер атыраулықтарға көмекке жетті. Апаттан зардап шеккен ағайынға «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері «Biz Birgemiz» қоғамдық қорының қолдауымен азық-түлікпен қатар жылу генераторлары, киім-кешек және қайықтар жеткізді.
Су тасқыны • 10 Сәуір, 2024
Өңірде тасқын судың беті қайта бастады. Облыстық жедел штабтың мәліметінше, Әйет өзенінің деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Қарасу ауданындағы Тінтуір, Құндызды, Қарасу өзендерінің деңгейі тәулік ішінде 17 см-ден 127 см-ге дейін түскен. Торғай, Дәмді , Қабырға өзендері әлі тасып жатыр.