Саясат • 08 Сәуір, 2024
Қазақстан – Үндістан: Тиімді байланыстар
Еліміз тарихи, геосаяси және экономикалық факторларына орай сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, прагматизм, алыс-жақын мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу қағидаларына негіздеп жүргізіп келеді. Өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға талпыныс бүгінде дипломатиялық байланыс орнатқан шетелдер санының көптігімен дәлелденіп отыр. Соның бірі – бір жарым миллиардқа жуық тұрғыны бар, тарихы, мәдениеті аса бай, саясаты, экономикасы, қоғам өмірі сан салалы, көпвекторлы ел – Үндістан.
Басылым • 08 Сәуір, 2024
Басқа басылымдардан: ШЫҰ сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы тұрады
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуі өтті. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев ШЫҰ-ның заманауи сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы қолданатын әдіс-тәсілдерін күшейтуі қажет екенін атап өтті.
Оқиға • 08 Сәуір, 2024
Орталық әмбебап дүкенінің алдындағы, аумағы атшаптырым автотұрақта жолсерігімізді тосып тұр едік. Қолында шағын шелегі, сұйық сабыны, сулы шүберегі бар он бір-он екі жасар жеткіншек келіп, көлігімнің терезесін қақты. Айтпаса да біліп тұр едім. Өткен күзде, өңмеңіңнен өтер қара суықта көріп едім. Сол бала ма, әлде басқа ма, анық айыра алмадым. Әйтеуір, тұраққа келіп тізгін тартқан көліктердің автошамын жуып жүрген.
Кино • 08 Сәуір, 2024
Кім тентек? Қожа тентек. Кім бұзық? Қожа бұзық. Тентек болса да бала кезімізден сүйіп оқып, сүйсіне көретін кейіпкеріміздің бірі Қожа болғаны рас. Жарты ғасыр өтсе де А.Қарсақбаев пен Б.Соқпақбаевтың классикалық туындысы мән-мағынасын жоғалтпаған құнды туындылардың көш басында тұр.
Денсаулық • 08 Сәуір, 2024
Су тасқыны кезінде тағамнан улану және жұқпалы аурудан сақтану жолдары қандай?
Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында тұрғындарға кейбір ережелерді ұстануға кеңес берді, деп хабарлайды Egemen.kz.