Денсаулық • 08 Сәуір, 2024

Су тасқыны кезінде тағамнан улану және жұқпалы аурудан сақтану жолдары қандай?

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында тұрғындарға кейбір ережелерді ұстануға кеңес берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су тасқыны кезінде тағамнан улану және жұқпалы аурудан сақтану жолдары қандай?

ДСМ тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу үшін бірқатар ережерді ұстануды ұсынады:

⁠Ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз;

⁠Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз;

⁠Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен су тасқыны үшін қол жетпейтін жерлерде сақтаңыз;

⁠Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендеуден, тамақ дайындаудан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз;

⁠Су тасқынынан кейін барлық бөлмелерді дезинфекциялық ерітінділермен өңдеңіз;

⁠Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), бұл туралы дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.

Соңғы жаңалықтар

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Жеміс»

Мың бір мысал • Кеше

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Кеше

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • Кеше