Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Бейнеу ауданында мектептер қашықтан оқыту форматына көшеді
Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауданындағы 15 мектепте Атырау облысының Жылыой ауданынан келген тұрғындарға арналған эвакуациялық пункттердің орналасуына байланысты, сабақ дәстүрлі форматтан онлайн форматқа ауысады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Жаңаөзеннің арнайы жасақталған көмек бригадасы Құлсары қаласына аттанды
Құлсары қаласында болған су басулардың салдарын жою мақсатында Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен арнайы техникамен жабдықталған көмек бригадасы Құлсары қаласына аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2024
Ұландықтар есіл ерлерді еске алды
Астанада «Отан-Ана» Отан қорғаушылар алаңында 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан 17 құқық қорғау әскері жауынгерлерінің обелискіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға Ұлттық ұлан мен Шекара қызметінің қолбасшылығы, әскерлер мен жергілікті қақтығыстардың ардагерлері, Астана гарнизонының әскери қызметшілері және елордалық №25 мектептің «Жас бүркіт» кадет сыныптарының оқушылары қатысты. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Академик аллеясын «ақжолдықтар» абаттандырады
Сәтбаев қаласындағы ұлы ғалымның мүсіні орнатылған аллеяны абаттандыруды «Ақ жол» партиясының Ұлытау облыстық филиалы өз қолына алды. 2018 жылы орнатылған мүсіннің айналасы тозыңқырап кеткен еді.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Мичурин ауылының 75 тұрғыны эвакуацияланды
Кешеден бері арнасынан асып-төгіліп тасып жатқан Тобыл өзенінің қарқыны бәсеңдер емес. Қостанай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі өзенге жақын жатқан Мичурин елді мекенінде 9 аулаға су кіргенін хабарлады. Аталған елді мекеннен 75 адам эвакуацияланған.