Аймақтар • 07 Сәуір, 2024

Мичурин ауылының 75 тұрғыны эвакуацияланды

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кешеден бері арнасынан асып-төгіліп тасып жатқан Тобыл өзенінің қарқыны бәсеңдер емес. Қостанай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі өзенге жақын жатқан Мичурин елді мекенінде 9 аулаға су кіргенін хабарлады. Аталған елді мекеннен 75 адам эвакуацияланған.

Мичурин ауылының 75 тұрғыны эвакуацияланды

«Сонымен қатар тұрғындардың қорасындағы 69 бас ірі қара, 21 ұсақ мал қауіпсіз жердегі «Иолучев» шаруа қожалығының жайылымына шығарылды. Өкінішке қарай, тұрғындардың көбі баспанасын тастап кетуге қимай, эвакуациядан бас тартып жатыр. Осы жағы қиындық туғызып жатыр. Негізі, қауіптің алдын алу іс-шаралары аясында апараттық-түсіндіру жұмыстары әлдеқашан жүргізілген», дейді аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Анар Қазыкенова. 


Қостанай облысы