Тарих • 05 Сәуір, 2023
ХХ ғасырдың басында қазақтан шыққан дін қайраткерлерінің өмірбаянына қарап көрсек, олардың әрдайым ұлт шаруасы үшін алғы шепте жүргенін байқаймыз. Советтік репрессия кезінде аяусыз қуғындалып, тағдыры тәркі болған тұлғаларды қасиетті рамазан айында бір еске алып қойған артық болмас.
Әдебиет • 05 Сәуір, 2023
Адамның тәні ет пен сүйектен жаралған соң әлсіз келеді дейміз. Адамда жүрек болған соң нәзік келеді дейміз. Айналадағының бәрін – суық пен жылуды, қатты мен жұмсақты, қараңғы мен жарықты, жақсы мен жаманды сезетін адамның жаны сондықтан да жиі жараланатын болар. Иә, сырттай қарағанда адам таудан биік емес. Қара тастай қатты да емес. Бірақ сол адамзат жер бетінде тіршілік басталғалы бері әділетсіздікпен, зұлымдықпен күресіп келеді. Жалпы, осы адамның ішкі рухын жеңу мүмкін бе екен?
Әдебиет • 05 Сәуір, 2023
Өмір әдебиеттегідей, әдебиет өмірдегідей, бірін-бірі қайталайды. Сіз қай кеңістікте өмір сүрмеңіз, бәрі бір «қарауылға» ілікпей қоймайсыз. Бүгін болмаса, ертең. Мүмкін сүріп немесе сүріліп жатқан өміріңізге ұқсас жайлар сізге дейін болып, жазылып қоюы да кәдік. Тарихтағы оқиғалар қайталанып отырарын неге жорисыз? Билеушілерді билеушілердің өмірімен, өнер адамдары тағдырының бір-бірімен ұқсастығын, тағысын тағы салғастыра келе түңілесіз де жеке қалуға тырысасыз.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2023
Көктем келіп, қызыл су жүргелі облыс орталығы тұрғындарының тарапынан ауыз судың сапасына өкпе-реніш білдіретіндердің қатары күрт көбейіп кетті. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары су сапасының сын көтермейтіні су тазалайтын қондырғылардың ескіруінен деп түсіндіреді.
Шахмат • 05 Сәуір, 2023
Әлем тәжі Астанада табысталады
Ертең жер-жаһандағы шахмат жанкүйерлерінің назары Қазақстан астанасына ауады. Өйткені 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында елордада шахматтан әлем чемпионатының алтын тәжі сарапқа салынады. Биылғы бәсекеде 32 жастағы ресейлік Ян Непомнящий мен 30 жастағы қытайлық Дин Лижэнь шеберлік байқасады.