Пікір • 05 Сәуір, 2024
Құндылықтың қорғаны – мәдениет
Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. Әділеттілікті баянды ететін тетік – мәдениет.
Төтенше жағдай • 05 Сәуір, 2024
Күрделі жағдайдан шығудың қамы
Батыс Қазақстан облысында су тасқынымен күрес дамылсыз жүргізіліп жатыр. «Қазгидромет» мекемесі облыстық филиалының басшысы Төлеген Шапанов Жайық өзеніндегі су деңгейі сәуірдің екінші жартысында қауіпті шекке жетеді деп мәлімдеді.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2024
Мұнайлы өңірде тосыннан келген судың салған сергелдеңі әлі тоқтамай тұр. Сол себептен облыстық жедел штаб Қызылқоға мен Жылыой ауданының аумағынан өтетін Ойыл және Жем өзендерінің жағалауын бекітуге баса мән беріп отыр.
Инвестиция • 05 Сәуір, 2024
Шетелдік инвестиция ауқымын қалай арттырамыз?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елімізге 50 млн доллардан аса инвестиция салуға ниетті инвесторларға ерекше жауапкершілікпен қарауды, оларға қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Есепшотына 50 миллионын салып, қазақ жеріне кімдер аяқ басқалы отыр? Оларға «бір терезе» қағидаты негізінде қандай қызмет көрсетілуі мүмкін? Бізге инвестордан не керегі түсінікті, инвестор бізден не талап етеді? Мемлекет пен квазисектор қандай мәміле ұсынбақшы?
Шаруашылық • 05 Сәуір, 2024
Өткен жылға шаруалардың өкпесі бар. Жылда қамбаларын астыққа толтыратын оларға былтыр кедергі көп болды. Жауын-шашын мөлшерден көп жауды. Егінді киік таптады. Жердің тозғанына және қапалы. Несін жасырамыз, көп шаруа көлденең шығынға ұшырады.