Тұлға • 04 Сәуір, 2024
Бұл Қасымды да бір байқаңыздар!
Қасымның жаңа суреті табылды. Қазақ әдебиетінің классигі Қасым Аманжоловтың ел білетін суреті аз емес. Бірақ бұған дейін баспа бетін көре қоймаған, БАҚ-та жарияланбаған мына суреті туралы әңгіме бөлек. Фотосуретті Алматы мемлекеттік мұрағатындағы әдебиеттанушы ғалым, сыншы Есмағамбет Ысмайыловтың жеке қорынан алып, бізге мәліметімен қоса таныстырушы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, PhD Жанбота Кәріпбаев екенін айта кеткен жөн.
Тағзым • 04 Сәуір, 2024
Қазақтың талай қабырғалы азаматы туып-өскен Сырдың бойында осы күнге дейін нағыз бағасын алып болмаған қайраткерлер аз емес. Солардың алғашқысы ретінде Лапиндер әулетін айтқан болар едік. Қызылорда қаласына жақын Қоғалыкөл өңірін мекен еткен Лапы баласы Мұңайтпастан тараған 19 ұл-қыздың дені қазаққа қалтқысыз қызмет етті. Ұлт өнері мен мәдениетінде өшпейтін із қалдырды. Кеңтүп болысын басқарып, балаларын шетелде оқытқан, осы өңірде 1903 жылы еуропалық мектеп ашқан Мұңайтпас ішкенге мәз, жегенге тоқ байлардың қатарынан емес еді. Өресі көз алдындағы малының өрісінен ұзай қоймаған кей қатарлары оның сыртынан «Мұңайтпастың иті де орысша үреді», деп күңкілдесетін көрінеді.
Тұлға • 04 Сәуір, 2024
Қаныш Сәтбаев – 125: Бірегей тұлға
«Есімі ел жүрегінде сақталған ер бақытты», дейді халқымыз. Өнегелі өмірі көпке үлгі болатын, өлшеусіз еңбегімен, ақыл-парасатымен қалың жұртшылықтың құрметіне бөленген тұлғаларымыз аз емес. Сондай тұлғалардың бірегейі – академик Қаныш Сәтбаев.
Мирас • 04 Сәуір, 2024
«Шежірелер жинағын» Ұлттық қорға тапсырды
Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры жақында бірқатар көне мұрамен толыққанын мәлімдеді Ұлттық орталық қызметкерлері. Мажарстан университетінің докторанты, болашақ тарихшы, этнограф Назира Әбдінасырқызы Ұлттық орталық қорына атасының жеке қорында сақталған кітаптарын тарту етті.
Мирас • 04 Сәуір, 2024
Еліміздегі ең көне қолжазбалар
Өркениетті елдер әр ғасырда өз тарихын хатқа жазып бүгінгі күнге жеткізді. Ал түркілер, оның ішінде қазақтар бар тарихын санасына сақтап, жадына тоқып алды. Оны да аз десеңіз, тау қыраттарына, балбалтастарға төл тарихы мен өркениетін түрліше нақышта қашап, мәңгі өшпестей етіп, табиғатты ашық аспан астындағы кітапханаға айналдыра білді.