Ауыл • 03 Сәуір, 2023
Жер кеуіп, күн жылынысымен қоршаған ортаны қоқыстан тазарту жұмыстары қарқын алатындығы белгілі. Соның арқасында ауыл-аймақтың сәні кіріп, ажарлана түседі. Өткен сенбіде көктемгі науқандық жұмысқа Алматы облысының жұртшылығы да жұмыла кірісті.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2023
Жер-ананың тоңы жібіп, алпыс екі тамырын иіте бастаған шақтан қолына кетпен, күрегін ұстайтын еңбек адамдары топыраққа дән екпес бұрын оны қопсытып, тыңайтқышпен қоректендіріп, дайындап алары анық. Осылайша, бапталған топырақ күні ертең мол өнім алудың кепілі болмақ. Ал оған жоғары сапалы органикалық тыңайтқыш – биогумусты пайдалану, тіптен тиімді.
Шахмат • 03 Сәуір, 2023
Бұл күндері Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при турнирінің 8-тур ойындары өз мәресіне жетті.
Теннис • 03 Сәуір, 2023
Теннистен Түркияның Анталия қаласында өткен «ITF W15» турнирінде Жібек Құламбаева жекелей және жұптық бәсекеде жеңіс тұғырына көтерілді.
Дәстүр • 03 Сәуір, 2023
Ұлыстың ұлы мейрамында ұлттық өнердің өрісі кеңіп, Өзбекстанның Термез қаласында көкпардан халықаралық жарыс өткен еді. Делебені қоздырар додалы жарысқа Алматы облысының тақымы мықты көкпаршыларынан құралған «Алатау» командасы қатысты.