Шахмат • 03 Сәуір, 2023

Жерлесіміз көш бастады

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан шахматтан әйел­­дер арасындағы Гран-при турни­рі­нің 8-тур ойындары өз мәресіне жетті.

Жерлесіміз көш бастады

Жарыстың кезекті күнінде көптің назары жылдам шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева мен елордада өткен әйелдер арасындағы Гран-придің алғашқы кезеңінде үшінші орын алған қытайлық Чжу Цзинер арасындағы бәсекеге ауды. Өйткені 7-турдан кейін екі шахматшы турнир кестесінде алғашқы екі орынды бөлісіп тұрған-ды. Аса тартысты өткен кездесуде жеңімпаз анықталмай, ойын тең есеппен аяқталды.

Осылайша, 8-тур ойындарынан кейін Бибісара 5 ұпаймен жеке-дара көш бастады. Ал қытайлық гроссмейстер 4½ ұпаймен 2-орынға орналасты.