Білім • 26 Сәуір, 2017
Сауатты жазу – біліктілік өлшемі
Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басында «Біздің заманымыз – жазу заманы. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білу, сөз қандай орында қалай өзгертіліп, қалайша біріне-бірі қиюласып, жалғасатын жүйесін білу керек», деген болатын. Иә, жазу қай заманда болсын, жалғасын таба бермек. Бірақ сол жазуымыз, әсіресе, қазақ тілінде жазуымыз, бүгінде сын көтермейтін күйге тап болып отыр.
Ауыр атлетика • 26 Сәуір, 2017
Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионы атанды
Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Альберт Линдер жеңімпаз атанды.
Әдебиет • 26 Сәуір, 2017
«Құс жолының» қиқулы тарихы - 3
(Түркілердің бастапқы өркениет ошағы хақында)
Қазақстан • 26 Сәуір, 2017
Жеке адамның да, мемлекеттің де өр рухы тасыған кездері мен тарихи сәттері болады. Адам баласының өр рухы отбасындағы тәрбиемен, еңбекпен көнекөз қариялардың баталы сөздерімен қалыптасады. Ал мемлекеттің рухы Әнұраны, Туы, Елтаңбасы арқылы асқақтап, ел мерейін асыратыны белгілі. Бүгінгі біздің Елтаңбамыз да ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлтымыздың рухын асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді. Сол ұлттық рәміздеріміз қабылданған күннен бастап Жандарбек Мәлібеков есімі иісі қазаққа, қазақстандықтарға кеңінен танымал болды.
Қазақстан • 26 Сәуір, 2017
Ұлы Абайдың: «Қайрат, Ақыл, Жүрек... Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет... Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам – сол», дегені бар. Сондай үдеге ұмтылған жанның бірі – Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов.