Сенат • 01 Сәуір, 2025
Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро өтіп, онда депутаттар 3 сәуірдегі Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.
Экономика • 01 Сәуір, 2025
Қызылорданың экономикалық әлеуеті
Өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ісінде бірқатар бастама бар. Ұзақ жылдар мұнай өндірісіне иек артып келген өңірдің экономикасын әртараптандырып, инвестициялық ахуалды жақсарту, жаңа өндіріс орындарын ашып, инфрақұрылымды дамыту бағытында кешенді шаралар қолға алынған. Бұл қатарда аймаққа шетелдік және отандық инвесторларды тарту ісі алдыңғы орында тұр.
Саясат • 01 Сәуір, 2025
Сенат төрағасы Словения Президентімен кездесті
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусармен кездесті. Сұхбат кезінде тараптар екі елдің ынтымақтастығына қатысты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ парламентаралық байланысты нығайту барысы әңгімеге арқау болды.
Абай • 01 Сәуір, 2025
Абай институты ел даналығын танытса игі
Биыл Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының сөзімен айтсақ, «қараңғы заманда шырақ жаққан шамшырақ» атанған хакім Абайдың туғанына 180 жыл толып отыр.
Жансарай • 01 Сәуір, 2025
Студент кезімде академик Сәбит Байзақұлынан дәріс тыңдадым. Кейін ұзақ жылдар бойы бір кафедрада қатар қызмет істедім. Сонда мені зерделі ғалымның еңбекқорлығы қайран қалдыратын. Уақытты қатты бағалайды. Үнемі қолынан қалам-қағазын түсірмей жұмыс істеп отырады. Шынымды айтсам, өз басым Сәбит ағадан көп тәлім-тәрбие алдым. Оның жетекшілігімен кандидаттық еңбегімді қорғадым. Сондай-ақ ғылыми жұмыстарды ұйымдастырудың қыр-сырын меңгердім. Кейін өзім де кафедра мен деканат басқарғанда ұстазымнан алған үлгі-өнегемді іске асырдым.