Аймақтар • 02 Сәуір, 2024
Маңғыстаулық құтқарушылар – Ақтөбеде
Су тасқынынан сергелдеңге түскен тұрғындарға көмек беру үшін Маңғыстаудан құтқарушылар көмекке аттанды. Ақтөбе облысы аумағына бара сала іске кірісккен маңғыстаулық құтқарушы мамандар мотопомпа арқылы суды сорып, құм дорбаларынан бөгеттер салып жатыр.
Қоғам • 02 Сәуір, 2024
Павлодар қаласындағы жаңа шағын ауданда тұрғындардың игілігіне 198 пәтер тапсырылды. Жаңа пәтерлер баспана кезегінде 15 жылдан аса тұрған азаматтарға бұйырды. Олар – жетім балалар, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
Қоғам • 02 Сәуір, 2024
Иппотерапия – ат үстінде қонған ем
Астана қаласындағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде 1 сәуірден бастап иппотерапиямен емдеуге кезек алу онлайн платформада жүзеге асырыла бастады. Бұдан былай ата-аналар балаларын иппотерапия еміне әкелуде уақытын үнемдеп, цифрландыру бағдарламасының игілігін көрмек.
Қоғам • 02 Сәуір, 2024
Материалдық емес мұралардың мол қайнары
Ұлттық музей мен «Отандастар қоры» КеАҚ-тың бірлескен жобасы аясында Өзбекстан қазақтарының рухани мұрасы кеңінен зерттелді. 2022-2023 жылдары аралығында жүргізілген ізденістер нәтижесінде 250-ден аса құнды материал жинақталды. Сондай-ақ ұлттық қор оннан астам 100-200 жылдық тарихы бар жәдігерлермен толықты.
Сараптама • 02 Сәуір, 2024
Мемлекеттік құрылыс пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру үрдісі символдық жүйені құрумен тығыз байланысты. Нышандық белгілердің ең жоғары деңгейіне Елтаңба, Ту және Әнұран сияқты мемлекеттік атрибуттар жатады. Нышандар арқылы мемлекет өзінің жергілікті және әлемдік деңгейде танылуын қамтамасыз етеді. Ресми атрибутика белгілер мен символдар арқылы әлемге оның бірегейлігін және тарихи жолының ерекшеліктерін жеткізеді. Бұл ретте мемлекеттік нышандар жеңіл оқылатын және құндылықтар жүйесіне сай болуға тиіс.