Сараптама • 02 Сәуір, 2024
Алдыңғы аптада әлеуметтік желілерде ажырасудан еліміздің әлемде «көшбасшы» екені туралы ақпарат кеңінен тарап кетті. Кейін белгілі болғандай, бұл жалған ақпарат болып шықты. Алайда ішінара шындығы да жоқ емес еді. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы 128 359 неке қиылып, 44 517 ажырасу фактісі тіркелген. Қалада 33 229 жұп ажырасса, ауылда 11 228 жұп бөлек кеткен.
Ғылым • 02 Сәуір, 2024
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғалымдары «STEM және креативтілік» оқу зертханасында 3D-принтерлер мен басқа да жабдықтардың көмегімен телескоп жасап шығарды.
Ғылым • 02 Сәуір, 2024
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, кейінгі он жылда технология мен өнеркәсіптің дамуымен бірге автокөліктің көбеюінен ауаға тарайтын зиянды металдар мен улы газдардың шығарындылары ұлғайған. Мәселен, жылу электр стансалары мен автомобильге қолданатын жанар-жағармайдан бөлінетін азот монооксиді (NO) иіссіз болғандықтан, адамдар оны сезбейді. Былтыр Астана мен Алматыда ресми мәлімет бойынша ауаға тараған түтіннің деңгейі нормадан 15 есеге дейін асқан.
Зерде • 02 Сәуір, 2024
Салық Зиманов пен Сұлтан Сартаев. Бұл тұлғалардың есімі мен еңбегін барша қазақ жұрты жақсы біліп, ерекше құрметпен атайды. Іргелі білім иелері еліміз егемендік алғанда тәуелсіздігіміздің іргетасын қалап, нық тұруына көп күш-қайрат жұмсады. Яғни қазақ мемлекеттілігінің заңдық тұрғыда негізінің берік болуы жолында Егемендік туралы декларацияның, Тәуелсіздік туралы заңның қабылдануына заң ғылымының докторлары, академиктер өлшеусіз еңбек сіңірді.
Қоғам • 02 Сәуір, 2024
Су тасқыны кезінде дәрігерлер 24 әйелді босандырып алған
Су басқан аудандарда қажырлы еңбектері үшін Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан барлығы 19 медицина қызметкері Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.