Зерде • 02 Сәуір, 2024

Заңғар заңгерлер еді

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Салық Зиманов пен Сұлтан Сартаев. Бұл тұлғалардың есімі мен еңбегін барша қазақ жұрты жақсы біліп, ерекше құрметпен атайды. Іргелі білім иелері еліміз егемендік алғанда тәуелсіздігіміздің іргетасын қалап, нық тұруына көп күш-қайрат жұмсады. Яғни қазақ мемлекеттілігінің заңдық тұрғыда негізінің берік болуы жолында Егемендік туралы декларацияның, Тәуелсіздік туралы заңның қабылдануына заң ғылымының докторлары, академиктер өлшеусіз еңбек сіңірді.

Заңғар заңгерлер еді

1998 жылы түсірілген мына суретте қос заң саласы алыбының емен-жарқын әңгі­ме­лесіп тұрғаны бейнеленген.

Сурет авторы – қазақ фотоөнері көшбас­шы­ларының бірі, кезінде ҚазТАГ-та  қызмет істеген, одақтық АПН ақпарат агенттігінде штаттан тыс тілші болған, «әкемтеатр» – Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының фотошежірешісі атанған, байтақ қазақ жерін  түгелге жуық аралап, мыңдаған көз сүйсіндіретін кадрды дүниеге әкелген Қалиғұмар Қабдешев.

– Сурет Алматы қаласындағы Мәншүк Мә­метова мен Карл Маркс (қазіргі Д.Қонаев) кө­ше­лерінің қиылысына жақын жерде түсірілді, – дейді Қалиғұмар аға. – Өйткені сол маңда Сұл­текең ашқан Қазақ құқықтану және халық­аралық қатынастар институтының (КИПМО) ғимараты орналасқан еді. Ол кезде Салық аға да осы институт студенттеріне дәріс  оқиды екен. Өз басым осындай асыл азаматтарды, заңғар заңгерлерді  объектив қарауылына алғаным үшін де мың мәрте шүкіршілік етемін!

 

Берікбай ҚАДЫҚОВ,

журналист