Тұлға • 02 Сәуір, 2024
Мемлекеттік Дума депутаты, дін қайраткері
Ұлт тарихында, ағарту бағытындағы жаңарулар үдерісінде ерекше тағдырымен көрінетін біртуар тұлға – Шаймерден Қосшығұл. Ол отаршылдық қысым мен Абай сынаған дін-исламдағы күрделі жағдайда (дағарадай сәлде, құранды теріс оқу т.б.) қарсылық пен адалдықтың рәмізіне айналды. Оның өмір жолы бізге рухтың күші мен озбырлықтан қаймықпауды еске салады. Осы ерекше адамның ғұмырбаян ізімен біз тарихтың беймәлім беттерін ғана емес, ең қиын сынақтарды жеңе алатын ұлт рухын байыптаймыз.
Қоғам • 02 Сәуір, 2024
Астанада «Tarikh talks» жобасы аясында журналист, режиссер және продюсер Майя Бекбаева мен тарихшы Мұхит-Ардагер Сыдықназаровпен кездесу өтті. Президенттік орталықта ұйымдастырылған жүздесуде тарихи зерттеулер жайында дәріс оқылып, «Сұлтан Бейбарыс» деректі фильмі көрсетілді.
Спорт • 02 Сәуір, 2024
Гран-при турнирі: Қазақстан пара дзюдошылары қос қола олжалады
Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан осы айдың 1-3 күндері өтіп жатқан Grand Prix додасында Қазақстан балуандары қос қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 02 Сәуір, 2024
Сахнада – «Махаббат, қызық мол жылдар»
Республикамыздағы үлкен өнер шаңырақтарының қатарынан орын алатын Атырау облыстық М.Өтемісов атындағы академиялық қазақ драма театрының репертуары Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» деп аталатын шығармасымен толықты. Бүгінде театр директоры қызметін атқарып отырған С.Көпжасаров пен көркемдік жетекші Т.Мұхтаров театр репертуарына ұлттық туындыларды енгізуге мән беруі – олардың ұстанған бағыт-бағдарының дұрыстығын көрсетеді.
Сенат • 02 Сәуір, 2024
Сенатта экономикалық қылмыстар үшін жауапкершілік белгілеу мәселелері талқыланды
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипатынан арылтудың өзекті мәселелері» тақырыбына арналған отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.