Сенат • 02 Сәуір, 2024

Сенатта экономикалық қылмыстар үшін жауапкершілік белгілеу мәселелері талқыланды

97 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипатынан арылтудың өзекті мәселелері» тақырыбына арналған отырыс өткізді, деп хабарлайды  Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатта экономикалық қылмыстар үшін жауапкершілік белгілеу мәселелері талқыланды

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Комитет Төрағасы Нұрлан Бекназаров өз сөзінде Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің еркін жұмыс істеуі үшін және елімізге инвестиция тартуға мүмкіндік беру үшін экономикалық теріс әрекеттерді қылмыстан арылтуды тапсырғанын атап өтті.

«Парламентшілер мен мүдделі мемлекеттік органдар қылмыстық заңнаманы ізгілендіруді жалғастыру мақсатында кәсіпкерлердің қорғалу деңгейін арттыру мәселесі бойынша кәсіпкерлік қызметтің еркіндігін қорғауға, тұтынушылар құқықтарының сақталуына, сондай-ақ мемлекеттің қаржы мүддесін қорғауға бағытталған экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті белгілеуді көздейтін заңнамалық нормаларды қарап жатыр. Біздің қоғамдағы экономикалық қызметке байланысты қылмыстарды ізгілендіру процесі кезең-кезеңімен және дәйекті түрде жүзеге асып келеді. Депутаттар қаржы-экономика саласындағы қылмыстарды қылмыстан арылту мақсатында қылмыстық заңнаманы реформалау жөнінде дәйекті жұмыс жүргізіп жатыр», деді сенатор Нұрлан Бекназаров.

Отырысқа төрағалық еткен сенатор Евгений Больгерт өз кезегінде кәсіпкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту нормаларының шегін белгілеу, заң мен мемлекетке әлеуметтік сенім деңгейін арттырудың әділ тетігін енгізуде реттеуді жүйелеу, мемлекет жүргізіп отырған қылмыстан арылту саясатының тетіктерін пайдаланудың нақты негіздерін айқындау қажеттігін атап өтті.

Шара барысында Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері, сондай-ақ КазГЗУ және «Астана» халықаралық университеттерінің басшылығы баяндама жасады.