Спорт • 02 Сәуір, 2024

Гран-при турнирі: Қазақстан пара дзюдошылары қос қола олжалады

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан осы айдың 1-3 күндері өтіп жатқан Grand Prix додасында Қазақстан балуандары қос қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гран-при турнирі: Қазақстан пара дзюдошылары қос қола олжалады

Фото: Пара дзюдо федерациясы

Қазақстан пара дзюдо федерациясының мәліметінше, Ерғали Шамей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке ілікті. Сондай-ақ Даяна Федосова 57 келіге дейінгі салмақ бойынша J2 санаты бойынша қола жүлдеге қол жеткізді. 

Аталған байрақты бәсекеге елімізден барлығы 17 спортшы қатысты.