Дін • 02 Сәуір, 2024
Елдес ағайынның кенже ұлы өмірден озыпты. Тепсе темір үзетін шағы. Отызға да толмаған. Дауасыз дерт көрінеді. Кейінгі кезде жаман ауру жиілеп кетті. Жаманат хабар жетсе, жұрт атын айтуға жасқанып, «сол емес пе екен?» деп сұрайды. Күдік шынға айналып жатады.
Жәдігер • 02 Сәуір, 2024
Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданына қарасты Көктерек аулында таңғажайып ауыл музейі көп жылдан бері жұмыс істеп тұр. Ауыл мұғалімі Төлеген Сейіткереев ұйымдастырған бұл мұражайда ерекше жәдігер өте көп.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2024
Еліміздің солтүстік, шығыс және батыс өңірлеріндегі су тасқыны салдарынан зардап шеккен халықтың қарасы қалың. Өткен жылы Жамбыл өңірінде де қар қалың түскені белгілі. Асқақ Алатаудың басындағы қалың қар әлі толыққанды еріген жоқ. Қысқасы, сақтанғанның қапы қалмайтыны анық.
Денсаулық • 02 Сәуір, 2024
Импортталатын азық-түліктердің арасында гендік түрлендірілген өнімдер кездесуі мүмкін. Сол үшін ет өнімдерін сенімді сауда орындарынан сатып алу қажет. Бүгінгі таңда жасанды ет өндірісі өріс алып барады. Сондықтан қажет болған жағдайда ветериналық құжаттары нақтыланған, санитарлық қадағалау орындарынан рұқсаты бар табиғи ет өнімдерін тұтынған жөн. Бұл пікірді С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің нутрициология кафедрасының доценті, Ұлттық салауатты тағамтану орталығының маманы Айгүл Қожахметова алға тартып отыр.
Қоғам • 02 Сәуір, 2024
Елдегі су тасқыны: әскери ұшқыштар 1 851 адамды эвакуациялады
Су тасқыны басталғаннан бері ел өңірлерінде армия бөлімшелері жергілікті тұрғындарды құтқаруға, ТЖМ және жергілікті атқарушы биліктің құтқару қызметтеріне көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.