Аймақтар • 26 Сәуір, 2024
Атырауда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады
Атырауда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Жол апатынан бір адам зардап шекті, ол облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 26 Сәуір, 2024
Экспорт көлемі 40 пайызға артады
Қазақстан мен Ауғанстан премьер-министрлерінің орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Абдулании Барадардың 24 сәуірде өткен кездесуде тараптар Орталық және Оңтүстік Азияны интеграциялау жобаларындағы ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік танытты.
Саясат • 26 Сәуір, 2024
Бауырлас елмен стратегиялық байланыс берік
Кеше Премьер-министр Олжас Бектенов Анкараға жұмыс сапарымен барды. Мұндағы мақсат – қазақ-түрік ынтымақтастығының сапалы дамуын қамтамасыз ету және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған елдің экономикалық өсуін жеделдету жөніндегі міндетке қол жеткізу үшін жаңа перспективалы салалардағы өзара іс-қимыл әлеуетін ашу болды. Бұл ретте астықты терең өңдеу, көмір химиясы, мұнай-газ өнеркәсібі, мұнай-химия және басқа салалардағы бірлескен жобалар құны жоғары өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.
Саясат • 26 Сәуір, 2024
Трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат Қытайға ресми сапармен барды. Бейжіңде депутаттар Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен, Қытай Халық Республикасының Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен және Қытай Халық Республикасы төрағасының орынбасары Хань Чжэнмен кездесті.
Сұхбат • 26 Сәуір, 2024
Тимур ЖҰМЫРБАЕВ: Жас буын – мемлекеттің болашағы
Қазақстан халқы Ассамблеясы тек этносаралық қатынасты нығайтып қана қоймай, жастардың болашағына да назар аударып, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру бағытында да ауқымды істер атқарып жүр. Әсіресе институт құрылымындағы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысын ерекше атап өткен жөн. Осы орайда бірлестік төрағасы Тимур ЖҰМЫРБАЕВПЕН әңгімелескен едік.