Коронавирус • 06 Сәуір, 2021
Коронавирусқа қарсы салынатын вакцина бойынша гид
1. COVID-19-ға ҚАРСЫ САЛЫНАТЫН ВАКЦИНА ҚАУІПТІ МЕ? Вакцина инфекциялық агенттерді – ауру тудыруы мүмкін вирустарды, бактерияларды немесе басқа да микроорганизмдерді имитациялайды. Осылайша, адамның иммундық жүйесі тез және тиімді жауап беруге «үйренеді». COVID-19-ға қарсы вакциналау кезінде ауру тудырмайтын, бірақ, сонымен қатар, иммундық жауапты қауіпсіз генерациялайтын, инактивацияланған немесе әлсіздендірілген вирусты пайдалана отырып фрагменттер қолданылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаппай қолдануға рұқсат берген вакциналар ауруларға қарсы күресте олардың қауіпсіздігін және тиімділігін дәлелдеу мақсатында міндетті түрде тестілеуден және клиникалық сынақтардан өтеді, сондай-ақ ұлттық реттеуіш стандарттарына сәйкес келетіндігі тексеріледі.
Қоғам • 06 Сәуір, 2021
Еліміздің батысындағы көпсалалы медициналық-профильді мекеме –Ақтөбе Медицина орталығындағы жоғары санаттағы кардиохирург, медицина ғылымдарының кандидаты Берік Қасымов басқаратын кардиохирургия бөлімшесінің дәрігерлері жүрек науқасына шалдыққан талай азаматты аяқтан тұрғызған кәсіби мамандар. Соның бір дәлелі, былтыр шілденің басында коронавирус өршіген тұста кардиохирургия бөлімшесінің қызметкерлері өз өмірін қатерге тіге отырып, өкпені жасанды желдету аппаратының күші жетпеген науқастарды аман алып қалды.
Саясат • 06 Сәуір, 2021
Халық мемлекеттік қызметтер сапасына разы ма?
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2020 жылы 70 мемлекеттік қызметті көрсету сапасына қоғамдық мониторинг ұйымдастырды. Оның қорытындысынан халықтың еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалық деңгейінің қандай екенін шамалауға болатындай.
Оқиға • 06 Сәуір, 2021
Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген.
Футбол • 05 Сәуір, 2021
Футболдан Қазақстан чемпионатының үшінші туры өтті
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының үшінші туры аяқталды. Бұл ойындар Алматы, Қостанай, Шымкент, Петропавловск, Атырау, Ақтау және Түркістан қалаларында өтті.