Коронавирус • 06 Сәуір, 2021

Коронавирусқа қарсы салынатын вакцина бойынша гид

853 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

1. COVID-19-ға ҚАРСЫ САЛЫНАТЫН ВАК­ЦИ­НА ҚАУІПТІ МЕ?

Вакцина инфекциялық агенттерді – ауру тудыруы мүмкін вирустарды, бактерияларды немесе басқа да микроорганизмдерді имитациялайды. Осылайша, адамның иммундық жүйесі тез және тиімді жауап беруге «үйренеді». COVID-19-ға қарсы вакциналау кезінде ауру тудырмайтын, бірақ, сонымен қатар, иммундық жауапты қауіпсіз генерациялайтын, инактивацияланған немесе әлсіздендірілген вирусты пайдалана отырып фрагменттер қолданылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаппай қолдануға рұқсат берген вакциналар ауруларға қарсы күресте олардың қауіпсіздігін және тиімділігін дәлелдеу мақсатында міндетті түрде тестілеуден және клиникалық сынақтардан өтеді, сондай-ақ ұлттық реттеуіш стандарттарына сәйкес келетіндігі тексеріледі.

Коронавирусқа қарсы салынатын вакцина бойынша гид

2. БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ ВАКЦИНАНЫ КІМ АЛУЫ ТИІС?

Коронавирусқа қарсы вакцинаны, ең алдымен, медицина қызметкерлері және халықпен жиі араласатын қауіп тобындағы адамдар алуы керек. Бұл денсаулық сақ­тау және экономика саласындағы жағдайды барынша тез тұрақтандыруға, сондай-ақ жаһандық пандемия­дан қалпына келтіру процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

   жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел меди­ци­налық көмектің, реанимацияның, қабылдау бөлімінің, сан­эпидқызметтің қызметкерлері.

   мектеп, ЖОО, мектеп-интернат, мектепте де­йін­гі балалар мекемелерінің педагогтері, студенттер және созылмалы аурулары бар адамдар.

  ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК қызметкерлері.

 

3. ВАКЦИНАЛАУДЫҢ АЛДЫНДА АНТИДЕНЕЛЕРГЕ ТЕСТ ТАПСЫРУ КЕРЕК ПЕ?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсы­ным­дарына сәйкес КВИ-ге қарсы вакциналау алдында антиденелерді анықтау үшін ИФА зерттеуін жүргізу қажет емес. Аталған инфекциямен ауырған адамдарды КВИ-ге қарсы вакциналау аурудан жазылғаннан кейін 6 ай өткен соң, антиденелерге скринингсіз денсаулық жағдайын ескере отырып жүргізу ұсынылады.

Қазіргі кезде дүние жүзінде қандағы антиденелердің «қорғаныш» деңгейін көрсететін бірде-бір нормативтік құжат жоқ. Яғни клиникалық жағынан айқындалатын ауыру қаупі жоқ. Осыған байланысты, вакциналау алдында антиденелердің деңгейін анықтау арқылы ақпарат алуға болмайды.

 

4. КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ БІРІНШІ ЕКПЕДЕН КЕЙІН ӨЗІН ҚАЛАЙ ҰСТАУ КЕРЕК?

Вакцинаның бірінші дозасынан кейін барлық сақтық шарасын сақтау қажет. Бұл қажетті шаралар, өйткені бір дозаның иммундық жүйеге жеткілікті түрде әсер ететіні дәлелденбеген, екіншіден, толық вакциналаудың өзі де вирусты жұқтырудан және таратудан 100% қорғай алмайды.

Вакциналардың тиімділігі, негізінен, ауыр симптомдарды болдырмауға қабілетті екендігімен бағаланады. Ал біз ковидтің симптомсыз болуы мүмкін екендігін білеміз, бұл кезде адам айналасындағыларға ауру жұқтырып, қауіп төндіреді.

 

5. COVID-19-ға ҚАРСЫ ЕКПЕДЕН КЕЙІН АУЫРУ МҮМКІН БЕ?

Өкінішке қарай, бірде-бір вакцина қауіпті айтар­лық­тай азайтса да, ауруды жұқтырмауға 100 па­йыз кепілдік бере алмайды. Дұрыс (барлық ережелерді сақтау арқылы) вакциналау иммундық жүйені вирусқа қарсы тұруға дағдыландыра алады. Сондықтан ауруды жұқтырғанның өзінде ол жеңіл түрде, симптомсыз өтуі мүмкін. Алайда симптомсыз пациенттер инфекцияны тасымалдаушы болуы мүмкін екенін естен шығармау керек. Осы себепті, вакциналаудан кейін де айналадағы екпе алмаған адамдарды қорғау үшін әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуды жалғастыру қажет.

 

6. ТҰРАҚТЫ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСУ ҮШІН ҚАНШАЛЫҚТЫ УАҚЫТ ҚАЖЕТ?

Вакциналаудан кейін ағзадағы бірінші иммундық жауап бірінші дозаны салғаннан кейін 12-14 күннен бастап қалыптасады, бірақ тұрақты иммунитет 32-45 күннен кейін, ең көп дегенде 56 күннен кейін қалып­та­сады. Сондықтан осы инкубациялық кезеңде барлық сақтық шараларын сақтаған жөн, яғни бетперде тағып, арақашықтықты сақтау керек.

 

7. ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТ ДЕГЕН НЕ?

Ұжымдық иммунитет – халықтың көпшілігі белгілі бір вирустан қорғалуы тиіс шекті вакциналау деңгейіне жету. Коронавирус инфекциясына қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін еліміздегі ересек адамдардың 60%-ын вакциналаумен қамту керек. Бұл қоғамдағы вирус айналымының жалпы үлесін азайтады және вакцина ала алмайтын әлсіз топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. COVID-19 жұқтырған адамдардың жартысында ауру орта­ша немесе жеңіл түрде өтетінін, ал кейбір адамдарда ешқандай симптомдардың байқалмайтынын естен шы­ғар­маған маңызды, алайда көптеген адам қатты ауырады және ауруханаға жатуға мұқтаж.

 

8. ВАКЦИНАЛАУ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

Кез келген вакциналау, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау ЕРІКТІ түрде жүргізіледі.

Сіз вакциналаудан жазбаша түрде бас тарта аласыз. Бұл үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген.

Коронавирусқа қарсы вакциналау ТЕГІН жүргізіледі.

 

9. КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Вакциналау тұратын жері бойынша емханада жүргізі­ле­ді. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.

Екпе салардың алдында сізден сауалдама, ерікті ақпа­рат­­тандырылған келісім парағын толтыруды сұрай­ды және жадынама береді.

Дәрігер медициналық қарап-тексеруі – дене қызуын, қан қысымын, сатурация және т.б. өлшеуі тиіс.

Вакциналаудан кейін 30 минут дәрігердің бақы­лауында, содан кейін 3 күн учаскелік дәрігердің бақы­лауын­да боласыз.

Сізге вакциналаудан кейін өзіңізді нашар сезінген жағ­дайда қай жерге бару керектігі туралы ақпарат көрсетілген па­рақ берілуі тиіс.

Вакцинаның екінші дозасын бірінші вакциналаудан кейін 21 күннен соң аласыз. Вакциналау күні мен уақыты туралы СМС-хабарлама телефоныңызға бір тәуліктің ішінде келеді.

 

10. ВАКЦИНАЛАУҒА ҚАНША УАҚЫТ ҚАЖЕТ?

КВИ-ге қарсы вакцина алу үшін сізге шамамен бір сағат уақыт қажет.

10 минут

екпе алудың алдында дәрігердің қарап-тексеруі керек.

15 минут

препаратты дайындау. Вакцина мұздатылған күйде сақ­талатындықтан, препаратты процедура алдында еріту керек.

30 минут

екпе салғаннан кейін бақылау. Сіз екі екпе туралы белгісі бар – вакциналау күні, вакцина атауы көрсетілген және дәрігердің қолы қойылған атаулы сертификат аласыз.

 

11. COVID-19-ға ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУДЫҢ ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ ҚАНДАЙ?

18 жасқа толмасаңыз

жүкті және бала емізетін әйел болсаңыз

екпеге дейін 2 аптаның ішінде және вакциналау кезінде ЖРВИ-мен ауырған болсаңыз

вакциналау кезінде дене қызуыңыз 37°С-тан жоғары болса

жіті инфекциялық және инфекциялық емес ауру деген диагноз қойылса

созылмалы ауруларыңыз және аллергиялық реакция асқынса

дәрігердің медициналық тексеруінен өтпесеңіз

сізде медициналық қарсы көрсетілімдер болса.