Қазақстан • 24 Сәуір, 2018
Науқасқа – құлық, дәрігерге білік жетіспейді
Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі есебіне қарағанда, Қазақстан 2017 жылы туберкулездің таралуы бойынша 138 елдің арасында 90-орынға тұрақтаған. Сөйтіп одан бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2 деңгейге төмендеген. Ақмола облысында да туберкулез ауруы бар науқастар саны 30 пайызға азайған. Алайда елімізде аталған ауруға қатысты мәселе әлі де күрделі күйінде. 2017 жылы өңірде 478 белсенді туберкулез науқастарының анықталуы соның дәлелі.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2018
Еліміздегі Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының қызметкерлері Атырау облысының тұрғындары арасында туберкулез аурушаңдығына мониторинг жүргізді. Кеселі көп құрт ауруы жергілікті атқарушы органдардың, жалпы жұртшылықтың алаңдаушылығын туғызып отыр. Аймақта 1003 адам туберкулезге қарсы күрес диспансерінде тіркелген. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев осы мәселе қаралған мәжіліске қатысып, дерттің дендеп кетпеуі үшін алдын алу шаралары жеткілікті дәрежеде жүргізілуі тиіс екенін атап айтты. Жиналысқа Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов шақырылды. Оның айтуынша, қазір Қазақстандағы туберкулезге қарсы күрес қызметі жаңа технологиялар арқылы өзгеру сатысында. Соның нәтижесінде республикадағы стационарлар саны 89-дан 40-қа қысқарған.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2018
XVIII-XX ғасырлар қазақтың басына қара бұлт төнген кезең деп айтсақ қателеспейміз. XVII-XVIII ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының жартысына жуығы баудай түсіп, қынадай қырылғанына тарих куә. Араға ғасыр тастап, ақ патша тақтан құлап, Кеңес өкіметі дүниеге келген жылдары қазақтың саны қайта селдіреді.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2018
Атырауда аймақтық кітапханашылар форумы өтті
Кітапханашы – жай ғана кітапханаға келгендерге қызмет көрсетуші емес. Ол – парасаттың шырақшысы. Ой-өрісі кең, білім қазынасын мол жиған жан ғана руханият ордасына тұрақтап қалады. Көркем әдебиет арқылы қоғамдық сананы қалыптастыруға болады. Бұл ретте кітапханашыларға артылатын міндеттің жүгі ауыр. Атырауда өткен «Кітапханадан – ағарту орталықтарына: жаңғырудың жаңа мүмкіндіктері» республикалық форумында кітапхана ісін кемелдендіру жайы айтылды.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2018
Тіл ғылымының негіздеріне жаңаша көзқарас қажет
Тіл білімі ғылымының аса маңызды саласы – жалпы тіл білімі. Мұнда негізінен, тілдің философиялық мәселелері қарастырылады. Тіл және ойлау, яки тілдің пайда болуы, тілдік сана, тілдік таңба т.б. күрделі лингвистикалық және философиялық ұғымдар толық және жүйелі түрде түсінілмейінше жалпы тілдік құбылыстың да, жекелеген тілдердің де жаратылыс табиғатын, қызмет ету стихиясын дұрыс, жүйелі тану мүмкін емес. Дегенмен қазіргі жағдайдағы жалпы тіл білімі ғылымында аталған мәселелердің бәрі дерлік тұйыққа тіреліп тұр.