Саясат • 02 Сәуір, 2021
Күн тәртібінде – әйелдер құқығы
Мексика астанасында онлайн форматта «Тең құқылы ұрпақ: әйелдер құқығы мен тең құқылы болашақты қорғау» тақырыбында жаһандық форум аяқталды. Форумның басты күн тәртібі – бүкіл әлемде гендерлік теңдік және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері.
Қоғам • 02 Сәуір, 2021
Бетпердесіз жолаушы (Қоғамдық көлік жүргізушілері маскасыз тұрғындарды түсіріп кете алады)
Дәл осы жолдарды теріп жатқан кезімізде Алматыда 45 адам ауыр халде, жалпы реанимация және интенсивті терапия бөлімшелерінде дәрігерлер 152 сырқаттың өмірі үшін алысып жатыр. 1 сәуірдегі соңғы мәліметтерге сәйкес, 31 наурыз күні мегаполисте 515 адамның жаңадан індет жұқтырғаны анықталды. Бір тәулік ішінде КВИ-ді емдеуге арналған ауруханаларға – 317 науқас қабылданып, 248 адам отбасына оралды.
Саясат • 02 Сәуір, 2021
Елімізде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі пандемия кезінде өршіп кеткені соңғы кезде жиі айтылып жүр. Бұл сөзімізге күні кеше Орталық коммуникациялар қызметінде осы тақырып төңірегінде өткен брифинг барысында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк келтірген деректер де айғақ бола алады.
Таным • 02 Сәуір, 2021
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында барша қазақ үшін киелі Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар келген 90 және 100 жыл бұрын қазақты баудай түсірген қос сұрапыл ашаршылықтың басталуына, 35 жыл бұрын Кеңес Одағын дүр сілкіндірген қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісіне, қазақ даласының үңірейген жарасына айналған Семейдегі ядролық сынақ полигонының жабылуына жеке-жеке тоқталып, олардың Қазақ елінің тарихындағы алатын айрықша орнына баса назар аударды. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл тарихи оқиғалар бүгінгі тарих ғылымының теориялық-методологиялық жетістіктері тұрғысынан алғанда әлі күнге дейін толық әрі жүйелі түрде зерттелмей, рухани жаңғыру жағдайында және өзгерген саяси ахуалда ұлттың тарихи санасын қалыптастыруға тиісті дәрежеде қызмет ете алмай жатыр. Сол себепті бүгінгі уақыт талабы мен қоғам сұранысын ескере отырып, Президент Қазақстанның академиялық көптомдық тарихын жаңадан жазып шығуды және шетел оқырманын қазақ тарихымен таныстыру мақсатында оның қысқаша нұсқадағы басылымын дайындауды тапсырды.
Парламент • 02 Сәуір, 2021
Зергерлік бұйымдарды экспорттау жеңілдейді
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында ЕАЭО аумағында бағалы металдардың еркін айналымы туралы заң жобасы қабылданды.