Үкімет • 01 Сәуір, 2019
Әр балаға - 21 мың теңге: Жәрдемақыға өтініштер қабылдана бастады
Бүгіннен бастап республика бойынша 21 мың теңгелік жәрдемақыны тағайындауға өтініштер қабылданады. Атаулы әлеуметтік көмектің бұл түрі тұрмысы төмен барлық отбасыларға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2019
Түркістанда 300 мыңнан астам қызғалдақ гүлдеп тұр
Өткен жылдың желтоқсан айында облыс орталығы Түркістанда қызғалдақтың 3 түрінен 300000-нан астам түп отырғызылған еді. Қазіргі таңда жапырақ жайып, толық гүлдеген қызғалдақ қаланың көркін аша түскен.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2019
Шағын аудандағы мәселе шешімін тауып келеді
Өткен жылы тамыз айында «Egemen Qazaqstan» газетінде Тараз қаласының іргесіндегі «Шөлдала» және «Құмшағал» алаптарындағы газ, жол, қоғамдық көлік және көше атауларына байланысты мақала жарық көрген болатын. Мақалада ұзақ жылдар бойы жергілікті тұрғындар аталған мәселелердің шешімін таппай келе жатқаны айтылған еді. Жуырда Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов газет тілшісіне сұхбат беріп, «Шөлдала» мен «Құмшағалдағы» саяжайлар мәселесі шешімін табатынын мәлімдеді.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2019
Павлодарда тікұшақ апатынан қаза тапқан экипаж командирін туған ауылына жерледі
Роман Костыговты жерлеу рәсіміне еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, авиация генерал-майоры Нұрлан Карбенов, облыс әкімі Болат Бақауов қатысып, ұшқыштың жақындары мен туысқандарына көңіл айтты.
Қоғам • 01 Сәуір, 2019
Кеңдігі қазақтың даласындай асыл азамат еді
2009 жылы Қоғабай Сәрсекеевтің «Қазақия» деген атаумен кітабы жарық көрген болатын. Автордың сол кітаптағы нақылнамаларын оқып отырып, оның ұлтжандылығының биіктігіне көз жеткізуге болады. «Байлығым – қазақтығым» дегенді өзінің өмірлік ұстанымын ту етіп өмір сүргені оның халық үшін, оның болашағы үшін жасаған істерінен көрінеді. Зор мақтанышпен әрі Қоғабайдың қайрат-жігеріне деген үлкен құрметпен айта алатын оның ұрпақтарымыз ұмытпайтын ісі – қазаққа керек «Қазақ» газетін халыққа қайтаруы еді.