Қоғам • 24 Сәуір, 2024
Тәжікстан жіберген гуманитарлық көмек Ақтөбе облысына жетті
Ақтөбеге тағы бір гуманитарлық жүк жетті. Бұл жолы елдегі су тасқынынан зардап шеккендерге бауырлас Тәжікстан халқы қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 24 Сәуір, 2024
Алматы облысында төрт күннен бері қамыс өртеніп жатыр
Алматы облысы Балқаш ауданында қамыс пен құрғақ шөп өртеніп, жалын үлкен аумаққа таралып жатыр. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен төрт күннен бері арпалысып жүр, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 24 Сәуір, 2024
Бүгін найзағай ойнап, бұршақ жауады - синоптиктер болжамы
«Қазгидромет» синоптиктері 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аңдатпа • 24 Сәуір, 2024
Аңдатпа: Орыс театрына барсаңыз...
26 сәуір - М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Р.Баэрдің «Смешанные чувства» мелодрамасы қойылады.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2024
Мал-мүлік шығыны толық өтеледі
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде халықтың үй-жайын, мүлкін қалпына келтіру, мал шығынын өтеп беру бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Мамандар бүгінге дейін 864 үйді техникалық зерттеуден өткізіп, 561 тұрғын үйді қайта қалпына келтіруге болатынын анықтады. Бұл үйлерді жөндеуден өткізуге қажет қаржы шығын көлемін нақтылау, бағалау жұмыстары аяқталған соң төленеді.