фото: ашық дереккөз
Мамандардың болжамына сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер әсер етеді. Елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік- батыста, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады.
Тек еліміздің солтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Орталықта, Қызылорда облысының шығысында және Қызылорда, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.