Спорт • 25 Сәуір, 2019
Бокстан Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгін жартылай финалдық сайыстары өтеді. Қазақстанның ерлер құрамасының жеті мүшесі осы межеге сүрінбей жетті. Әзірге бұл жаман нәтиже емес. Десек те жанкүйерлер алдағы күндері де жерлестерімізден жарқын жеңістер күтеді. Өйткені біздің басты мақсатымыз – барынша көп алтын алып, жалпы командалық есепте көш бастау.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2019
Түркістанда энергия тиімділігін арттыру бойынша жиын өтті
Түркістанда Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Энергетика министрлігі және Түркістан облысының әкімдігінің қолдауымен энергиялық тұрғыдан энергия тиімділігін арттыру және жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) мәселелеріне арналған бірқатар іс-шаралар өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2019
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 25 сәуір күні Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі. Республиканың батысында ғана ашық күн райы болжанады. Жекелеген аймақтарда тұман мен екпінді жел сақталады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2019
Түркістанда Түркі кеңесі түркі университеттері одағының IV бас ассамблеясы өтті
Түркістанда 23-24 сәуір аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінде Түрік кеңесі Түркі университеттері одағының IV Бас ассамблеясы өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Спорт • 25 Сәуір, 2019
Ендігі мақсат – әлемді мойындату
Осы аптаның басында Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды. Осы жарыста Айдын Смағұлов жетекшілік ететін Қазақстанның ерлер құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді олжалап, жалпы командалық есепте төртінші орынға табан тіреді. Бұл бәсекеде Моңғолия, Жапония және Оңтүстік Корея алдымызды орады. Отандық дзюдошылар үшін бұл елеулі табыс па, әлде ортаңқол нәтиже ме? Осы сауалға нақты жауап алу үшін бұған дейін өткен сары құрлықтың басты додасының көрсеткіштеріне көз жүгірткен жөн.