Қазақстан • 30 Сәуір, 2019
Ә.Бектаев: ҚХА – әлемде теңдесі жоқ ерекше институт
Қазақстан халқы Ассамблеясы – әлемде теңдесі жоқ ерекше институт. Ол – біздің халқымыздың, елімізде тұрып жатқан барлық этнос өкілдерінің басын қосатын, бәріміз жиналып ақылдасатын, бір-бірімізге тілеулес болатын, еліміздегі ынтымақ пен бірлікті арттыруға зор қызмет жасап жүрген керемет ұйым.
Қоғам • 30 Сәуір, 2019
Өзгенің де жаны қазақтың жанындай дарқан болса екен - А.Осман
Қазақстанда орныққан тыныштықты нығайтуда Ассамблеяның қызметі зор екенін атап көрсету керек. Алайда Қазақстанда тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнығуы, осы бағыттағы игі істердің барлығы топырақтың, елдің иесі, бәрімізді бауырына басқан, тумысынан таза, қиянаттан шет қазағымыздың арқасы екенін айтпай кетуге болмас. Елдегі игіліктердің негізгі ұйытқысы болған қазақ халқының, сол халықтың арасынан шыққан, кемел де парасатты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының жақсылығын естен шығармауымыз керек.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2019
Астаналық ардагерлерге бес жүз мың теңгеден беріледі
Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысының 71 ардагері тұрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Руханият • 30 Сәуір, 2019
Қазақстан • 30 Сәуір, 2019
Тыныштықты ту еткен халықтың бірлігі мызғымайды - Б.Смағұл
Қазақстан халқы Ассамблеясының, Елбасының ұстанымы – елдің ынтымағы, қоғамның бірлігі. Елбасының ел үшін, туған жер үшін сіңіріп жатқан еңбегі ерен. Тыныштықты ту еткен халықтың бірлігі мызғымайды. Ол бірлікті бір ұяда қанаты қатайған балапандай болған, тонның ішкі астарындай бір-біріне етене жақын, ауыр кезеңдерді басынан бірге өткізген ата-бабаларымыздан үлгі алған ұрпақ қана сақтайды.