Экономика • 03 Сәуір, 2020
Украиналық іскер ортамен байланыс нығайды
Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің атсалысуымен «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов және Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Геннадий Чижиков бейнебайланыс режимінде келіссөздер жүргізді. Бұл туралы палатаның ресми сайты хабарлайды.
Экономика • 03 Сәуір, 2020
Кəсіпкерлер мүлік салығынан босатуды сұрайды
«Өндіріс тоқтап тұр, ал жаңа клиенттер байқалмайды». Бұл отандық кəсіпкерерлердің жан-айқайы. Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен бері, 13 мыңға жуық кəсіпкердің шаруасы туралап қалды. Карантиннің тауқыметін сезген іскер жандар «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасынан көмек сұрауға мəжбүр. Бұл туралы палатаның ресми сайтында хабарланды.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2020
Депутаттар митинг өткізу туралы хабарламаларды беру және қарау мерзімін қысқартуды ұсынды
Бүгін Мәжілістің Заңнама және сот құқықтық реформа комитеті видеоконференция форматында отырыс өткізіп, депутаттар бейбіт жиналыстарды өткізу туралы хабарламалар мен өтініш беру мерзімдерін, сондай-ақ оларды жергілікті атқарушы органдардың қарау мерзімдерін қысқарту жайын талқылады. Бұл туралы Палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2020
42 500 теңге мөлшеріндегі төлемге өтініш беру үшін не істеу керек?
Елімізде МӘСҚ-тан берілетін төлемге өтініш беруге арналған қосымша сервис іске қосылған болатын. Аталмыш сервис Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ПӘ жанындағы құрамына IT-сарапшылары мен IТ-компаниялары кіретін IT-штабымен бірлесе отырып Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің көмегімен төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін төлемдерге өтініш берушілер үшін құрылды.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Қостанай облысында 13 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда ғана төтенше жағдайда елді жұмыссыздық жайламас үшін халықты еңбекпен қамтудың нақты жобаларын іске асыруды тапсырған болатын. Маңызды тапсырма облыстық әкімдікте арнайы талқыланып, қосымша жұмыс орындарын ашу мәселесі пысықталды.