Сұхбат барысында тараптар COVID-19 эпидемиясының таралуын болдыртпау бойынша мемлекеттерде қолданылып жатқан шаралар және екі ел үкіметінің карантин жағдайында экономикаларын қолдау бойынша ақпаратпен алмасты. Осы ретте спикерлер сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда үлкен әлеуеттің барын атап өтіп, эпидемиядан кейін палаталар арасындағы өзара байланысты нығайту бойынша қадамдар белгіленді.