Аймақтар • 24 Сәуір, 2019
«Туған жердің түтіні де тәтті» дейді халқымыз. Анық-қанық әрі дәл айтылған сөз. Турасын айтсақ әділ баға. Мұны айтып отырғанымыз мынада: Мырзашөл деп аталатын кең байтақ жердің бір пұшпағы осы Жетісай ауданы. Мырзашөлдің етегі соноу Нұрата тауларына дейін жайылып жатыр. Сондықтан Мырзашөлдей тарихи атауы бар, Сырдариядай өзені, Шардарадай айдыны бар, климаты жылы, бау-бақшаға қолайлы жер Жетісай жер жәннаты емей немене?
Экономика • 24 Сәуір, 2019
Қор-қорды шектеу кәсіпкерге кедергі келтіре ме?
Мегаполистердің қызу тыныс-тіршілігі күндіз-түні толастамайтыны түсінікті. 1 миллионнан астам халқы бар Нұр-Сұлтан қаласының да халықты алаңдатқан проблемалары аз емес. Соның бір парасы мейрамхана, дәмхана сияқты қоғамдық орындардың жұмысына, азаматтардың қауіпсіздігіне байланысты болып отыр.
Экономика • 24 Сәуір, 2019
Индустриялық аймақта көлік зауыты салынады
Алматыда Hyundai жеңіл көлігін шығаратын зауыт құрылысының іргетасы қаланды. Жаңа өнеркәсіп орнының ашылуы Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннің Қазақстанға келу сапарымен тұспа-тұс келді. Осы сапар аясында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық саладағы әріптестік мәселелерін талқылау жоспарланған. Алматы іргесіндегі Индустриялық аймақта алғашқы қазығы қаланған Hyundai Trans Kazakhstan көлік зауыты екіжақты ықпалдастық аясында жүзеге асуда. Зауытты «Астана Моторс» компаниясы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен салатын болады.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2019
Туризм бренді – түркілер өркениеті
Орталық Азиядағы көрнекті «Туризм және саяхат» халықаралық ХІХ KITF дәстүрлі көрмесінде әлемнің жиырмадан астам елінен келген үш жүзден аса компания өкілдері халықаралық туризм индустриясының жаңалықтарын көрсетіп, ықпалдастық мәселелерін ортаға салды.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2019
Солтүстік Қазақстанда «Бала дауысы» байқауы өтті
«Бала дауысы» ұлттық балалар байқауының төртінші маусымының іріктеу кезеңіне өңірден 102 үміткер қатысып, бақ сынады.