Алматыда Hyundai жеңіл көлігін шығаратын зауыт құрылысының іргетасы қаланды. Жаңа өнеркәсіп орнының ашылуы Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннің Қазақстанға келу сапарымен тұспа-тұс келді. Осы сапар аясында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық саладағы әріптестік мәселелерін талқылау жоспарланған. Алматы іргесіндегі Индустриялық аймақта алғашқы қазығы қаланған Hyundai Trans Kazakhstan көлік зауыты екіжақты ықпалдастық аясында жүзеге асуда. Зауытты «Астана Моторс» компаниясы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен салатын болады.

«Болашақ» стипендиясына өтінім қабылдау басталады
Білім • Кеше
Ақмола облысында жасөспірім суға батып кетті
Аймақтар • Кеше
Астананың Сарыарқа ауданында жаңартылған аулалар ашылды
Елорда • Кеше
Ұқсас жаңалықтар