Экономика • 03 Сәуір, 2020
Шағын және орта бизнес жұмысын тоқтатпау үшін шұғыл шаралар пакеті әзірленді
Төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнес жұмысын жүргізу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен шұғыл шаралар пакеті әзірленді. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мəдиев Орталық комминикациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты.
Қоғам • 03 Сәуір, 2020
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңір тұрғындарына төтенше жағдай кезіндегі сақтық ережелерін сақтауға байланысты үндеуін жолдады. Бұған әрине, Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырушылардың көбеюі себеп болып отыр. Осыған орай Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мейіржан Есімбаевтың қаулысымен 30 наурызда Атырау қаласында карантин, ал, облыс аумағында шектеу шаралары енгізілді.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қашықтан істейтін каналдарының жұмысын күшейтті
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі төтенше жағдай кезінде қашықтан жұмыс істейтін каналдар жұмысын күшейтті, деп хабарлады Банктің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Жамбылда коронавирус жұқтырудың алтыншы дерегі тіркелді
Өкінішке қарай, Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың алтыншы дерегі тіркелді. Жамбыл облыстық әкімдігінің мәліметінше, науқас Тараз қаласының тұрғыны екен. 69 жастағы азамат ағымдағы жылы 1 сәуір күні індет жұқтырған адаммен байланыста болған тұлға ретінде стационарлық карантинге жатқызылған.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Атырау: Биыл 20 586 жұмыс орны ашылады
Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолланың айтуынша, биыл 20 586 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.