Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Жамбылда коронавирус жұқтырудың алтыншы дерегі тіркелді

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өкінішке қарай, Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың алтыншы дерегі тіркелді. Жамбыл облыстық әкімдігінің мәліметінше, науқас Тараз қаласының тұрғыны екен. 69 жастағы азамат ағымдағы жылы 1 сәуір күні індет жұқтырған адаммен байланыста болған тұлға ретінде стационарлық карантинге жатқызылған.

Жамбылда коронавирус жұқтырудың алтыншы дерегі тіркелді

Айта кетейік, күні кеше ғана Жамбыл облысынан коронавирусқа байланысты 2 жағдай анықталған болатын. Бұған дейін індет анықталған 41 жастағы азамат оның жақын туысы.

Алынған қан талдауларының қорытындысы оң нәтиже көрсеткен және науқас инфекциялық стационарға ауыстырылған. Сонымен қатар жағдайының қанағаттанарлық, шағымдары жоқ, қажетті емдеу шаралары жүргізілуде екен.

 

Жамбыл облысы