Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
Қарағанды облысының ҚХА мүшелері көмекқолын созды
Өңірдегі коронавируспен күрес майданына Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де сүбелі үлес қосуда.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
Жамбыл өңірінде көктемгі егіс дала жұмыстары жүргізілуде
Биыл Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының көлемін 687,1 мың гектардан 710,0 мың гектарға жеткізу көзделген. Бүгінге дейін жергілікті диқандар жерді жыртып, оның басым бөлігін өңдеп, дәнді дақылдарды себу шараларын бастап кетті. Биылғы наурыз айының соңындағы облыс аудандарының мәліметі бойынша 93277 гектар жерде көктемгі жер жырту жұмыстары атқарылып, 292035 гектар жер өңделген. Сонымен қатар жаздық масақты дәнді дақылдар 168879 гектар алқапқа егілген. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 365,3 мың гектар, майлы дақылдар 64,2 мың гектар, қант қызылшасы 7,2 мың гектар, картоп 10,5 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары 51,5 мың гектар, мал азығы дақылдары 211,3 мың гектарды құрайды деп жоспарланған.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
Түркістанда қылмыстық құқық бұзушылық 27,2 пайызға азайған
Түркістан қаласы бойынша жыл басынан бері 258 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Яғни өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 27,2 пайызға азайған.
Қоғам • 02 Сәуір, 2020
«Астана» велокомандасы жалақыны 30% қысқартты
Сәуір айынан бастап «Астана» велокомандасы жарыс қайта басталғанша қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға қысқартады. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлады.
Коронавирус • 02 Сәуір, 2020
Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 21 адам тiркелдi
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 21 адам тiркелдi, Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы қаласында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Шымкент қаласында - 8 адам, Түркістан облысында - 6 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.