Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тыңайтқышпен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 1 миллиард теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражатқа 2 мың тонна минералды тыңайтқыш алынады. Өткен айда 50,0 миллион теңге бөлініп, толық игерілген. Ал, көктемгі егіс-дала науқанына ауыл шаруашылығы техникаларының дайындық жұмыстары барлық аудандарда жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде барлығы 8419 ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. Бүгінде соқалар, қопсытқыштар, дән сепкіштер және тұқым дәрілегіш техникалардың барлығы көктемгі дала жұмыстарына толығымен дайын. Сондай-ақ, көктемгі дала жұмыстарына ел Үкіметі тарапынан облысқа 18,3 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінген. Бүгінгі таңда операторлар белгіленіп, мұнай зауыттарына қаражат аударылып, дизель отынын жеткізу жұмыстары жүргізілуде.
Жамбыл облысы