Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
Ақмолада бекеттер тәулік бойы жұмыс істейді
Карантиннің алғашқы күні. Блок-бекеттерде құқық қорғау қызметкерлері мен дәрігерлер тәулік бойы күзетуде. Облыс бойынша 8, ал, Көкшетау шекарасында 12 бақылау-өткізу бекеті орнатылды. Облыс аумағында жалпы саны 50-ден астам бекет қойылмақ.
Спорт • 02 Сәуір, 2020
Футбол: Премьер-лига ойындары қашан жалғасады?
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында футболдан Қазақстан чемпионаты қашан жалғасуы мүмкін деген сұраққа жауап берді.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
Ақтау: Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесі 300-ге жуық маска таратты
Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері 300-ге жуық медициналық маска тігіп, Ақтау қаласындағы оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығына, балалар үйінен тәрбиеленіп шыққан отбасылы жастарға, мүгедек балалы, көп балалы отбасыларға және №6656 әскери бөлімнің сарбаздарына тегін таратты.Бұл туралы аталған ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
Коронавирус • 02 Сәуір, 2020
Қарағандыда тағы да 6 адамнан COVID-19 белгісі анықталды
Өкінішке қарай, Қарағандыда тағы да алты адамда коронавирус белгілерінің бар екендігі анықталды. Олардың үшеуі күні кеше қайтыс болған қарағандылық тұрғынның отбасы мүшелері болып шықты.
Қоғам • 02 Сәуір, 2020
Азаматтарға арналған үкімет халыққа алаяқтықтың жаңа түрлері жөнінде ескертеді
Бүгінде әлеуметтік желілерде көптеген хабарландыру пайда болды, онда қазақстандықтарға жеке мәліметтерді сұрату арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны алуға көмектесу ұсынылады. Сондай-ақ кейбір «пысық» азаматтар бұл жағдайды пайдаланып, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандардан ЖСН, ЭЦҚ, банк картасының нөмірін, тіпті оның пин-кодын сұрай отырып, әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеп беру қызметін көрсетуді ұсынады.